Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының "Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясы" КМҚК

Мекенжай

Тараз қ, Төле би көш, 89

Байланыс Телефоны

+7 (7262) 34-29-59

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / Отбасы күніне орай концерт өткізілді

Отбасы күніне орай концерт өткізілді

К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығына сәйкес, қыркүйек айының екінші жексенбісі – Отбасы күніне орай, аталған күннің маңыздылығын ескеріп, Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының тапсырмасымен Отбасы күнін мерекелеуге арналған іс-шаралар жоспарын құрды. Аталған мереке аясында онлайн концерт 13 қыркүйекте «Баласағұн» ОКЗ-да сағат 12.00-де өтті.

Мақсаты: Отбасының оң имиджін қалыптастыру және отбасылық құндылықтарды нығайту, өөнерлі отбасыларға қолдау таныту, филармонияның Facebook, Instagram әлеуметтік желілерінде үлгілі отбасылары туралы посттарды жариялау.

Концерт аясында «Ата-анаңа қоңырау шал» атты ұйымдастырылған филармония-ішілік челленджі лэд экранда көрсетіліп, әлеуметтік желілер арқылы таратылды. Сонымен қатар, облыстық филармония директорының мерекелік құттықтауы оқылды. Экраннан филармония әншілерінің «Ана», «Отбасы» туралы бейнебаяндар көрсетілді.

Онлайн концертке филармонияда бірге жұмыс істейтін ерлі-зайыптылар мен өнерлі отбасылар қатысты. Олардың қатарында қазақ ұлт аспаптар оркестрінің әртістері: ҚР Мәдениет қайраткері Е.Рысметов пен Мәдениет саласының үздігі С.Маманова, Д.Байзілдаев пен М.Байзіладева, Ж.Асанқұлова мен Ә.Досанов, Ә.Уашева мен Е.Бекмұрзаев, А.Қырғызалиев пен Р.Нұржанова өнер көрсетті.

Іс-шараға жергілікті БАҚ өкілдері шақыртылып, облыстық филармонияның facebook әлеуметтік желісі арқылы тікелей эфирмен көрсетілді. Сондай-ақ, өнер ұжымының zhofil.kz ресми ақпараттық сайты мен instagram парақшасында ақпараттық фотолар насихатталды.