Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының "Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясы" КМҚК

Мекенжай

Тараз қ, Төле би көш, 89

Байланыс Телефоны

+7 (7262) 34-29-59

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / «Күмбірле күйім, елімде!» атты онлайн концерттік бағдарламасы өтті

«Күмбірле күйім, елімде!» атты онлайн концерттік бағдарламасы өтті

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, күйшілік өнердегі өзіндік қолтаңбасын таныту, рухани қазынамызға айналған шығармаларын кеңінен насихаттау мақсатында ағымдағы жылдың 20 қазанында сағат 18.00-де, «Баласағұн» орталық концерт залында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат», «Құрмет» ордендерінің иегері, күйші-композитор Әбдімомын Желдібаевтың 85 жас мерейтойына арналған К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясы Қазақ ұлт-аспаптар оркестрінің «Күмбірле күйім, елімде!» атты онлайн концерттік бағдарламасы өтті.

Бағдарламада: күйші-композитордың «Шабыт», «Әулиеата», «Бозжігіт», «Көкшолақ», «Толғау», «Өмір-дастан», «Әділхан», «Ыдырыс», «Самғау», «Нұрсұлтан» поэмасы, «Жарылқап батыр» сынды көптеген күйлері мен әндері көрерменге ұсынылды.