Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының "Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясы" КМҚК

Мекенжай

Тараз қ, Төле би көш, 89

Байланыс Телефоны

+7 (7262) 34-29-59

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / «Лязги» халықаралық би фестивалі өтті

«Лязги» халықаралық би фестивалі өтті

Өзбекстан Республикасы Мәдениет министрлігі жанындағы «Халықаралық фестиваль дирекциясының» ұйымдастыруымен 2022 жылдың 27-28 сәуір аралығында Өзбекстан Республикасының Хива қаласында өткен «Лязги» халықаралық би фестиваліне К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының «Ақкербез» би ансамблі қатысты.

Фестиваль аясында «І Халықаралық ғылыми-практикалық «Лазги Хоризм биі: ұлттық билердің дамуы және қазіргі кезеңдегі маңызы» атты коннференция өтті.

Конференцияға К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының би ансамблімен қатар көркемдік жетекші Аида Смагулова және 30-дан астам мемлекеттің би ұжымдары қатысты.

Конференцияға онлайн қатысуға мүмкіндік берді. Баяндамаларда тарихи аспектілерден бастап қазіргі заманғы балетмейстерлер мен орындаушылардың алдында тұрған міндеттерге дейінгі түрлі тақырыптар қамтылды.

Конференцияның мақсаты: «Хорезм биі - Лязги» өнерінің ғасырлық дәстүрлерін сақтау және дамыту, би өнері арқылы халықтар арасындағы достық пен бауырластықты нығайту, халықаралық деңгейде шығармашылық ынтымақтастық пен мәдени байланыстардың ауқымын одан әрі кеңейту.

Конференцияның ерекшелігі - сөз сөйлеушілер арасында би өнерін меңгерген практик-мамандар, сценографтар, музыканттар болды.

Конференция түрлі елдердің мамандарына «Лязги» биі туралы қызықты білім алуға және тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді.

Халықаралық ғылыми-практикалық конференция мазмұнды шығармашылық атмосферада өтті.