Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының "Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясы" КМҚК

Мекенжай

Тараз қ, Төле би көш, 89

Байланыс Телефоны

+7 (7262) 34-29-59

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / Әулиеата төрінде - «SARMAD» этно-фольклорлық ансамблі!

Әулиеата төрінде - «SARMAD» этно-фольклорлық ансамблі!

Дина Нұрпейісова атындағы Академиялық қазақ халық аспаптар оркестрі жанынан 2017 жылы құрылған «SARMAD» этно-фольклорлық ансамблінің «Көшпенділер рухы» атты концерттік бағдарламасы 19 мамырда Тараз қаласы «Баласағұн» орталық концерт залында жоғары деңгейде өтті. Киелі Тараз қаласына алғашқы рет өнер сапарымен табан тіреген бұл ұжым жамбылдықтарды ән мен күйге бөледі.

Дала жыры, рухты, қазақтың ән-күйлерін және әуендерін заманауи, этно-джаз стилінде ғажайып орындайтын ансамбль жетекшісі және негізін қалаушы – «Алаш ұстазы» төс белгісінің иегері, Президенттің Құрмет грамотасының иегері, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры Сыйлығының лауреаты, мулти-инструменталист, композитор Бауыржан Ақтаевқа шығармашылық табыстар тілеп, К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының Алғыс хаты мен гүл шоқтары, естелік сыйлықтары тарту етілді. Концерттің өтуіне қолдау танытқан Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Ерлан Нұрманұлы Жүнісбайға атыраулықтар ризашылық танытты.

Өнер ұжымына көрермендердің ыстық ықыласы мен қошаметі де зор болды. Әріптес ұжымға толағай табыстар тілейміз!