Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы

Мекен-жайы

Тараз қ, Төле би көш, 89

Байланыс Телефоны

+7 (7262) 34-29-59

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / Жаңа туындылар көрермен көңілінен орын алды

Жаңа туындылар көрермен көңілінен орын алды

2022 жылдың 20 мамыры күні «Баласағұн» ОКЗ-да К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының «Алатау» фольклорлық ансамблінің «Әулиеата әуендері» атты концерттік бағдарламасы өтті. Ансамбль: Астана қаласында өткен ХХ «Шабыт» Халықаралық шығармашыл жастар фестивалінің дипломанты (2018), «Көне Тараз» күмбірі» атты І Республикалық фольклорлық ансамбльдер конкурсының «Кенен Әзірбаев» номинациясының иегері (2019), Батыс Қазақстан облысында өткен «Күй-live» республикалық конкурстың лауреаты (2019), Шымкент қаласында өткен «Достастық халықтарының музыкасы» атты халық аспаптарында орындаушылардың онлайн-фестивалінің лауреаты (2020), «Көне Тараз» күмбірі» атты ІІ Республикалық фольклорлық ансамбльдер конкурсының ІІІ орын иегері.

Концертте жаңа әндер мен күйлер орындалды. Өнер көрсеткендер: «Алатау» фольклорлық ансамблі, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Бахыт Шағырбаев, Мәдениет саласының үздіктері Оңал Азаматова, Жандос Омаров, Маралбек Бабақұлов, Жанатбек Кәдіров және Алмас Қырғызалиев, Әділет Әбдікерімов, Динара Диханбаева, Нұргүл Абдрашова, Айгүл Есекеева, Индира Хамзина, Дидар Басықараев, Бақтияр Қылышбаев, биші Гүлнұр Қасымбек.