Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы

Мекен-жайы

Тараз қ, Төле би көш, 89

Байланыс Телефоны

+7 (7262) 34-29-59

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / «Домбырашылар одағы» қоғамдық бірлестігінің дөңгелек үстелі өтті

«Домбырашылар одағы» қоғамдық бірлестігінің дөңгелек үстелі өтті

31 мамыр күні «Баласағұн» ОКЗ-да «Dombyra» Ұлттық телеарнасының ұйымдастыруымен Республикалық «Домбырашылар одағы» қоғамдық бірлестігінің дөңгелек үстеліне К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының әртістері мен мәдениет саласының майталмандары қатысты.

Телеарнаның директоры Ержігітов Қанат ҚұдайбергенұлыРеспубликалық “Домбырашылар одағының” төрағасы ретінде көпшілікке одақтың мақсат-міндеттерін, телеарнаның Жамбыл облысындағы экспедициялық түсірілімінің жобасын, «Ұлы дала әуендері» атты аймақтық дәстүрлі әншілері мен күйшілерінің өнерін таспалаудың жоспарын таныстырды.

Еркін форматта өткен жиынға танымал күйшілер, ҚР Мәдениет қайраткерлері Аман Малдыбаев, Ержан Рысметов, әнші, Мәдениет саласының үздігі Оңал Азаматова да қатысып, ой-көзқарастарымен бөлісті. Қатысушылар да тың ұсыныс-ойларын ортаға салды.

Игі шарада одаққа Жамбыл облысы бойынша өкілі болып филармония әртісі Дидар Басықараев сайланды.

Облыстық филармония директорының орынбасары, Мәдениет саласының үздігі Жандос Омаров домбыра мен ұлттық музыканы насихаттаудағы облыс әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының жұмысына қысқаша сипаттама жасады. Заң аясында бұл мекемелердің телеарнаға демеушілік көрсете алмайтынын ерекшелеп, жан-жақты шығармашылық қолдау ғана таныта алатынындығын назарға салды. Өнер ұжымы Телеарнаға толағай табыстар тілеп, қонақтармен естелік суреттерге түсті.