КГКП "Жамбылская областная филармония имени Кенена Азербаева" управления культуры, архивов и документации акимата Жамбылской области

Адрес

г. Тараз, ул. Толе би, 89

Контактный Телефон

+7 (7262) 34-29-59

Время работы

Пнд - Птн: 09.00 - 18.00

Главная / Медиа / Новости / «Кең дүние, төсіңді аш, мен келемін» атты поэтикалық-сазды кеш өтті

«Кең дүние, төсіңді аш, мен келемін» атты поэтикалық-сазды кеш өтті

Мұзбалақ ақын Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына орай Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен «Кең дүние, төсіңді аш, мен келемін» атты поэтикалық-сазды кеш өтті.

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының «Ұлы даланың ұлы есімдері» жобасы аясында жүзеге асқан кешке Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Дәулет Кәрібек, дәстүрлі әнші Рамазан Стамғазиев, «Қоңыр» тобы, актер Әсет Иманғалиев сынды қазақ эстрадасының жұлдыздары және К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының әншілері, А.Тоқпанов атындағы қазақ драма театрының актерлары қатысты.

Поэтикалық-сазды кеш бағдарламасына сәйкес іс-шара барысында ақынның шығармашылығынан «Мен таулықпын», «Мен жолымды берейін, өт қарағым» өлеңдері мен «Есіңе мені алғайсың», «Әке», «Аңғал досым-ай», «Аңса, жаным», «Иіскейін» т.б әндері, «Ұйықтасам түсіме ылғи тау кіреді», «Ығысыңдар, ей таулар, ығысыңдар» монологтары орындалды. Сондай-ақ, ақынның махаббат туралы өлеңдері топтамасынан арнайы қойылым көпшілік назарына ұсынылды.