КГКП "Жамбылская областная филармония имени Кенена Азербаева" управления культуры, архивов и документации акимата Жамбылской области

Адрес

г. Тараз, ул. Толе би, 89

Контактный Телефон

+7 (7262) 34-29-59

Время работы

Пнд - Птн: 09.00 - 18.00

Главная / Медиа / Новости / Тараздың кешінде күмбір-күмбір күй төгілді

Тараздың кешінде күмбір-күмбір күй төгілді

3 желтоқсан күні «Баласағұн» ОКЗ-да ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен жыр алыбы Ж.Жабаевтың 175 жылдығына орай Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясы Қазақ ұлт аспаптар оркестрінің әртісі, халықаралық және республикалық өнер додаларының лауреаты Рауан Жексембінің «Тәуелсіздік – Аманат» атты өнер кеші өтті.

Көбік шашқан көненің күйлері мен бүгінгі шырынды дүниелердің шырайын келтіре орындайтын дарынды өнерпаз Рауан Жексембі - Байзақ ауданының тумасы.

Рауан Жексембі «Кенен Әзірбаев» атындағы саз мектебінде домбыра аспабы бойыншы дәріс алып, кейін Алматы қаласыда Чайковский колледжін бітіріп, содан соң Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваторияны тәмамдаған. Бүгінде Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясы Қазақ ұлт апаптар оркестрінің әртісі.

Рауан Жексембінің алғашқы кешінде шәкірттері Русланов Дамир, Бекназар Зейінбек, Әзімбаев Мейірбек, Зият Бақытжан, республикалық конкурстардың лауреаты, «Мен Қазақпын» мега жобасының финалисті, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының оқытушысы Таңат Сәденов, П.И.Чайковский атындағы Алматы музыка колледжінің оқытушысы, республикалық байқаулардың лауреаты дәстүрлі әнші Жұлдыз Ысқақов, Алматы облысы «Құлансаз» ансамблінің солисті, Жүргенов атындағы «Өнер» колледжінің оқытушысы, халықаралық байқаулардың лауреаты Әділет Жексембі, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының студенттер оркестрінің бас дирижёры, өнер байқауларының лауреаты Бекболат Әбдіберік, «Отырар сазы» оркестрінің әртісі, халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты Әбілқайыр Бейсеков, халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты Жақсылық Ажмұханов, ҚР Мәдениет саласының үздігі Жанатбек Кәдіров, «Ақкербез» би ансамблі, К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының қазақ ұлт аспаптар оркестрі өнер көрсетті.

Концерт соңында Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының профессоры Төлепберген Тоқжанов, Рауанның алғашқы ұстазы, танымал күйші Панабек Ахметов және филармония директорының орынбасары, ҚР Мәдениет саласының үздігі Жандос Омаров құттықтау тілектерін білдірді. Сонымен қатар, Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Ерлан Нұрманұлы Жүнісбайдың Алғыс хаты табыс етілді.