КГКП "Жамбылская областная филармония имени Кенена Азербаева" управления культуры, архивов и документации акимата Жамбылской области

Адрес

г. Тараз, ул. Толе би, 89

Контактный Телефон

+7 (7262) 34-29-59

Время работы

Пнд - Птн: 09.00 - 18.00

Главная / Медиа / Новости / Балалар Роза Бағланованың әндерін сүйсіне тыңдады

Балалар Роза Бағланованың әндерін сүйсіне тыңдады

Биыл – халқымыздың бұлбұл әншісі, Қаз КСР және КСРО Халық әртісі, Халық қаһарманы Роза Бағланованың туғанына 100 жыл. Сыр бойынан шыққан Роза Бағланова майдан даласында, оқ пен оттың ортасында жүріп те ән салды. Оның жұлдызын жандырған әндері де көп болды. Бірнеше көрнекті композиторлардың әндерінің алғашқы орындаушысы да Роза Бағланова.

21 маусым күні «Баласағұн» ОКЗ-да балалар жылына орай Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының Қазақстанның және КСРО-ның халық әртісі, Қазақстанның Халық қаһарманы Роза Тәжібайқызы Бағланованың 100 жылдық мерейтойы аясында «Ел еркесі - Роза!» атты балаларға арналған танымдық концерттік бағдарламасы өтті.

Танымдық концертте әншінің репертуарындағы «Іңкәрім-ай», «Татьянаның әні», «Ақтамақ», «Сәулем-ай», «Екі жирен», «Бейбітшілік туы берік қолда», «Ақсұңқарым», «Катюша», «Әдемау» атты әндер шырқалады.

Лэд экран арқылы Роза Бағланованың өмірі мен шығармашылығынан деректер көрсетілді.

«Жазғы демалыс кезінде көп балалы және аз қамтылған отбасынан шықан оқушыларды «Баласағұн» орталық концерт залында өтетін облыстық филармонияның танымдық концерттеріне қатысуына ықпал етіп, келісім білдірген Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мен Тараз қаласының білім бөліміне алғыс білдіреміз.