КГКП "Жамбылская областная филармония имени Кенена Азербаева" управления культуры, архивов и документации акимата Жамбылской области

Адрес

г. Тараз, ул. Толе би, 89

Контактный Телефон

+7 (7262) 34-29-59

Время работы

Пнд - Птн: 09.00 - 18.00

Главная / Медиа / Новости / «Домбыра – дастан» атты облыстық домбыра рarty өтті

«Домбыра – дастан» атты облыстық домбыра рarty өтті

Ұлттық домбыра күніне арналған «Домбыра – дастан» атты облыстық домбыра рarty-дың ақпараты.

Ұйымдастырушы: Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы

ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына Жолдауын, Ұлттық домбыра күнін атап өту, қоғамды ұлттық мәдениет пен бірегейлікті сақтау мен қайта жаңғырту идеясының ілгерілету, ұлтымыздың символы болған халқымыздың тарихын, салт-дәстүрі мен ұлттық құндылықтарын ұрпақтан-ұрпаққа әуенмен жеткізіп келген киелі домбыраны дәріптеу мақсатында 2022 жылдың 3 шілдесі күні Тараз қаласы «Баласағұн» ОКЗ алдында облыс өнер шеберлерінің қатысуымен «Домбыра – дастан» атты домбыра рarty 200 домбырашының қатысуымен өтті.

Іс-шара қазақтың әйгілі халық ақыны, әнші, композитор Кенен Әзірбаевтың ескерткішіне гүл қою рәсімінен басталды.

Көпшілікті облыс әкімінің орынбасары Дәулет Рүстем Рысбайұлы мерекемен құттықтап, балалар жылына орай, Алматы қаласында ү.ж. жас домбырашылар арасында өткен «Домбыра-дастан» республикалық байқаудың кіші топта Бас жүлде мен 8 миллион теңгелік жүлде қорын иеленген Аяна Дәулетбай мен жасөспірімдер тобы арасында І орын, 6 миллион теңгелік жүлде қорын иеленген Бақдәулет Жанатбекке домбыра аспаптарын сыйға тартты.

Дәстүрге айналған іс-шарада облыстық филармонияның қазақ ұлт аспаптар оркестрі, облыс өнерпаздары, дәстүрлі әншілер өнер көрсетті.

Іс-шараны БАҚ өкілдері, зиялы қауым және қала тұрғындары мен қонақтары тамашалады.

Сонымен қатар, «ДОМБЫРА» одағына мүшелікке кірген елуге жуық жергілікті өнерпаздарға сертификат және куәлік тапсырылды.