Кенен Әзірбаев атындағы

Жамбыл облыстық филармониясы

Мекен-жайы

Тараз қ, Төле би көш, 89

Байланыс Телефоны

+7 (7262) 34-29-59

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Басты бет / Ұжым / «Алатау» фольклорлық ансамблі

«Алатау» фольклорлық ансамблі

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛАРМОНИЯСЫ «АЛАТАУ» ФОЛЬКЛОРЛЫҚ АНСАМБЛІНІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЕҢБЕК ЖОЛЫ

Өңіріміздің ұлтттық өнерінің жанашыры ретінде ел ішіндегі өнерпаздардың өсуіне қолдау танытып, халқымыздың бай қазынасы – дәстүрлі өнерді насихаттау мақсатында 2012 жылдың сәуір айынан бастап Жамбыл облыстық филармониясынан «Алатау» фольклорлық ансамблі қайта құрылды. Бұл ансамбль 1970 жылы құрылған «Алатау» жастар ән-би ансамблінің ізін жалғастыра отырып, «Алатау» есімін қайта иеленді.

Ансамбльдің жетекшісі Халықаралық, Республикалық конкурстардың лауреаты Дастан Көреген.

Ансамбльдің құрамындағы артистер Халықаралық, Республикалық конкурстардың лауреаттары.

Ансамбль саз сырнай, сыбызғы, жетіген, қыл қобыз, домбыра, шертер т.б. қазақтың көне аспаптарымен халықтың күйлері мен әндерін жоғары деңгейде насихаттап, көрермен ықыласына бөленіп жүр.

«Бабалар сазы»,  «Бабадан қалған күмбір күй», «Тараз – ғасырлар куәсі», «Әулиеата сазы» т.б. халық музыкасының кештерін, концерттік бағдарламаларын республика, қала, облыс аудан орталықтарында ұйымдастырды.

Алматы қаласының Орталық концерт залында «Елден сәлем» атты концертте өнер көрестті. Өнер сапарларымен Астана, Алматы, Талдықорған, Шымкент, Түркістан, Орал, Ақтөбе және т.б.қалаларда болды.

2012 жылы Қырғыз Республикасының Талас қаласына өнер сапарымен барып, қазақ халқының ұлттық музыкасын насихаттап қайтты.

Қазақстан Республикасы мен Польша Республикасы арасындағы мәдени ынтымақтастықты нығайту мақсатында 2013 жылдың 8-18 маусымы аралығында Варшава қаласында өткен Жамбыл облысының «Менің Жібек жолым саған» атты мәдени күндріне қатысты.

2013 жылы Елордамыз-Астана қаласының 15 жылдық мерейтойына орай І-ші Халықаралық «Қаратау сарыны» атты дәстүрлі музыка фестивалінде, 2014 жылы ІІ-ші Халықаралық «Қаратау сарыны – 2014» атты дәстүрлі музыка фестивалінде өнер көрсетіп, Алғыс хатпен марапатталды.

2013 жылы Түркияның Самсун қаласында TÜRKSOY және Самсун әкімшілігінің ұйымдастыруымен өткен Халықаралық өнер фестиваліне қатысып, марапатталды.

2014 жылы,  2015 жылы Алматы қаласы «Хабар» агенттігінің жанынан ашылған «Білім және Мәдениет» телеарнасында дәстүрлі өнердің даралығын танытар «Ғасырлар пернесі» бағдарламасында концерттік бағдарламаларын ұсынды.

2016 жылы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Алатау» фольклорлық ансамблінің орындауындағы «Қазақ елі» атты күйлер мен әндерінің CD жинағы жарық көрді.

2017 жылы 28 шілдеде «ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесіне» орай Жамбыл облысының күндері шеңберінде «Қазанат» қалалық ипподром аумағындағы Этно ауылда «Алатау сазы» атты концерт берді.

2017 жылдың 3-7 қараша аралығында Астана қаласында өткен ХХ «Шабыт» Халықаралық шығармашыл жастар фестиваліне қатысып, дипломант атанды.