Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы

Мекен-жайы

Тараз қ, Төле би көш, 89

Байланыс Телефоны

+7 (7262) 34-29-59

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Басты бет / Ұжым / «Кәусар» вокалдық ансамблі

«Кәусар» вокалдық ансамблі

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛАРМОНИЯСЫНЫҢ «КӘУСАР» ВОКАЛДЫҚ АНСАМБЛІНІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЕҢБЕК  ЖОЛЫ

2014 жылдың басында Облыс өнерлі жастарын қолдау, бос уақыттарын тиімді өткізу, музыкалық сауаттарын арттыру, орындаушылық шеберліктерін қалыптастыру мақсатында Жамбыл облыстық филармониясы жанынан «Кәусар» вокалдық ансамблі құрылды. Дирижеры: Дидар Игіліков.Құрамында 16 музыкант бар.

Вокалдық ансамбльдің кәсіби өсуіне және репертуар жинақтауына Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының «Вокал және дирижерлау» факультетінің деканы Ғалымжан Берекешев арнайы шақыртылды. Ұжымның кәсіби қалыптасуы үшін мастер-класс өткізіп келеді.

Ансамбль Алматы, Талдықорған, Астана, Шымкент, Тараз қалаларында өткен концерттерде өнер көрсетіп, ел ықыласына бөленіп үлгерді.

Қазіргі уақытта ансамбльдің репертуарында 20-дан аса достық, бейбітшілік, патриоттық әндер мен халық және шетелдік композиторлардың әндері бар.

2016 жылдың мамыр айының 24-25 жұлдызы күндері өткен ҚР Халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Алтынбек Қоразбаев атындағы ІІ халықаралық«Ән жырым саған – туған ел!» атты ән конкурсына қатысып, І орынды иеленді.