Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының "Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясы" КМҚК

Мекенжай

Тараз қ, Төле би көш, 89

Байланыс Телефоны

+7 (7262) 34-29-59

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Басты бет / Ұжым / Шығармашылық ұжым / Аида Смағулова - әртіс, көркемдік жетекші

Аида Смағулова - әртіс, көркемдік жетекші

К.ӘЗІРБАЕВ АТЫНДАҒЫ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛАРМОНИЯСЫНЫҢ КӨРКЕМДІК ЖЕТЕКШІСІ

 СМАГУЛОВА АИДА ҚАНАТҚЫЗЫНЫҢ

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ӨМІРБАЯНЫ

Смалова Аида Қанатқызы  1988 жылы  16 мамырда Жамбыл облысы, Меркі ауданы, Қызыл Сай ауылында дүниеге келді.

1996-2004  жылдары аралығында Меркі ауданы №8 Гранитогорск орта мектебінде оқыды.

2004-2008 жылдары П.И.Чайковский атындағы Алматы музыка колледжінің «Халық музыка бөлімінің» домбыра мамандығында оқып, үздік дипломмен аяқтады.

2007 жылы аталған оқу орнында аккомпониятор қызметін атқарды.

2008-2012 жылдары Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясына «Домбыра аспабы» бойынша оқуға қабылданды.

2009-2012 жылдары Алматы қаласы «Қазақ әуендері» АҚ «Қазақконцерт» КБ әртісі болып қабылданды.

2011 жылы ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай ұйымдастырылған  «Менің Қазақстаным!» атты үгіт поездының құрамымен бірге Балқаш қаласы жұртшылығына өнер көрсеткені үшін алғыс хатпен марапатталды.

2012-2013 жылдары Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Мемлекеттік филормониясы» МКҚК оркестр әртісі болып қабылданды.

2013 жылы күй атасы Құрманғазы атындағы Республикалық фестивалінде 1000 адамдық біріктірілген оркестріне қатысып, өнер көрсеткенін растайтын  сертификатты иеленді.

2013-2019 жылдары «Хабар» агенттігі АҚ-да әр түрлі қызметтер атқарды.

2018 жылдары «Fiestalonia Mediterranean legends International art festival &contest  Diploma  II Prize» жобасына қатысты.

2018 жылы «Қазақконцерт» МКҰ атынан Елорданың 20 жылдығы шеңберінде ұйымдастырылған мерекелік іс-шараларға зор үлес қосқаны үшін алғыс хатпен марапатталды.

2019 жылдың 18 қыркүйегінен бастап К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филориониясына қазақ оркестрінің әртісі болып қабылданды.

2021 жылы 1 қыркүйектен бастап К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филормониясының Көркемдік жетекші қызметіне тағайындалды. Қосымша қазақ оркестрінің әртісі болып жұмыс істеп келеді.

2021 жылы облыстық мемлекеттік концерттік ұйымдарының қызметкерлеріне арналған орындаушылық және композиторлық өнер саласындағы онлайн шеберлік сыныптарына қатысып, сертификат иеленді.

Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей Федерациясы, Түрік елі, Германия, Франция, Италия, Испан әмірлігі, Монако корольдігінде қызметтік сапарлармен, гострольдермен болған.