КГКП "Жамбылская областная филармония имени Кенена Азербаева" управления культуры, архивов и документации акимата Жамбылской области

Адрес

г. Тараз, ул. Толе би, 89

Контактный Телефон

+7 (7262) 34-29-59

Время работы

Пнд - Птн: 09.00 - 18.00

Главная / Медиа / Новости / «Балауса» циркінің «Көңілді жастар» атты қойылымы

«Балауса» циркінің «Көңілді жастар» атты қойылымы

Ағымдағы жылдың 18 ақпапында, «Баласағұн» ОК-да, ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры»мақалаларын ілгерілету, «Жастар жылына» орай шығармашыл жастарды өнерге баулу мақсатында, Халықаралық конкурстардың лауреаттары «Балауса» циркі Тараз қаласының орта мектептерінің оқушыларына арналған «Көңілді жастар» атты қойылымынұйымдастырды.

Бағдарламада:«Балауса» циркінің әртістері: әуе гимнасты-Толғанай Жақанова, «Сайқымазақтар – кобелек»- Айдын Алчикенов және Жайдар Жорабек, «Жонглер»-1 Айдос Ахметовпен Дилана Жорабек, «Катушка» кесе биімен, «Жыланмен» биімен-Инабат Жорабек, «Клоун» гир ойынымен -Айдын Альчикенов жәнеЖайдар Жорабек, «Рендік доңғалақ» – Дулат Әлқожа,«Каучук»-Толғанай Жақанова, «Клоунада» – АйдынАльчикенов пен Жайдар Жорабек, «Жұпты акробаттар» – Нұрбол Байтулеев пен Сырым И өнер көрсетті.

Мектеп оқушылары жаңа қойылымды қызықтап, ерекше әсер алды. Сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі балақайлар да шақыртылып, қызықты кештің куәсі болды. Ата-аналары мен ұстаздары филармонияс ұжымына шексіз алғыстарын айтып, жылы лебіздерін білдірді.

Көпшілікті таң қалдырып, көтеріңкі көңіл-күй мен шынайы шаттық, күлкі, ұмытылмас әсер сыйлай білетін «Балауса» циркініңмектеп оқушыларына арналған қойылымы көктем айларында да жалғасын табады.

Маржан Есенқұлова – жарнама менеджері: 8-776-668-60-06, +7 (7262) 342861

Қосымша мәліметтер «facebook» және «filarmoniytaraz» «instagram» әлеуметтік желілерінде, сонымен қатар «zhofil.kz» ЖОФ-ның ресми ақпараттық сайтында жарияланған.

Баспасөз мәлімдемесі

2019 жылдың 1наурыз күні сағат 10.00-де «1 наурыз – алғыс айту күні» мерекесіне орай «Балауса» циркінің мерекелік қойылымы ұйымдастырылады. Қойылым мектеп оқушыларына арнап ұсынылады.

Тақырыбы: «Көңілді жастар» қойылымы.

Өтетін орны: Тараз қаласы, №51, №53 орта мектептер.

Байланыс телефоны: +7 701 301-18-72

Қосымша ақпаратты жауапты менеджер Райкулова Забира Мақсұтқызы арқылы біле аласыздар.