Жамбылская областная филармония

имени Кенена Азербаева

Адрес

г. Тараз, ул. Толе би, 89

Контактный Телефон

+7 (7262) 34-29-59

Время работы

Пнд - Птн: 09.00 - 18.00

Главная / Медиа / Новости / Қазақ ұлттық аспаптар оркестрі «Жұбановтар әуені-2019» байқауында ІІ-орынға ие болды

Қазақ ұлттық аспаптар оркестрі «Жұбановтар әуені-2019» байқауында ІІ-орынға ие болды

Сәуір айының 28-29 жұлдызында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын жүзеге асыру мақсатында Ақтөбе қаласының 150 жылдығы, Ғ.Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясының 75 жылдығына орай «Жұбановтар әуені – 2019» Халықаралық ұлт аспаптар оркестрлер және ансамбльдер фестиваль-байқауы өтті. Биыл фестиваль қазақ кәсіби музыкасының негізін қалаушы , академик Ахмет Жұбановтың туған күнімен тұспа-тұс келді. Сондықтан, шараға қатысушылар алдымен  музыканттар әулетінің ескерткішіне барып, гүл шоқтарын қойды.

Дәстүрлі шараға Тәжікстан Республикасынан «Чоргох» квартеті, Қырғызстанның Бішкек қаласының ансамблі, Түркияның «Анадолы» триосы, сондай-ақ, Нұрсұлтан, Шымкент, Жамбыл, Қызылорда, Шыңғырлау, Алматы және Ақтөбе қалаларының ұлт-аспаптар оркестрлері мен ансамбльдер, барлығы 180 өнер ұжымы қатысуда.  Жұбановтар дүниеге келген қасиетті топырақта осы жолы олардың да қолтаңбалары қалды. Фестивальге қатысушылар Өнер орталығының алдына  өз қолдарымен жасыл-желек отырғызды.

Қазылар алқасының төрағасы Ресей Федерациясының халық артисі Александр Цыганков. Сондай-ақ  байқауға түркиялық және  отандық музыкатанушылар да төрелік етті.

Халықаралық байқаудың жүлде қоры қомақты.  Гран при  иеленген өнер ұжымына 1 млн теңге беріледі. Сондай-ақ 1-орынға – 700 мың, 2-орынға – 500 мың, 3-орынға 300 мың теңге көлемінде сыйақылар табысталады.

Байқау нәтижесі бойынша бас жүлде Ақтөбе облыстық филармониясының А.Жұбанов атындағы қазақ ұлт аспаптар оркестрі мен Қызылорда облыстық филармониясының «Ақмешіт» фольклорлық ансамбліне бұйырды (500 000 теңгеден). Ал 1-орынды Нұр-Сұлтан қаласынан келген  «Астана сазы» фольклорлық ансамблі мен Шымкент қаласынан келген Сүгір атындағы қазақ ұлт аспаптар оркестрі және Қарағандының Тәттімбет атындағы академиялық халық аспаптары оркестрі алды (250 000 теңгеден). 2-орынды К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының қазақ ұлт аспаптар оркестрі, Қырғызстаннан келген «Қырғыз» ансамблі, сондай-ақ Алматы облысынан келген «Құлансаз» фольклорлы-этнографиялық ансамблі иеленсе (150 000 теңгеден), 3-орынды Түркияның Стамбұл қаласынан келген «Анадолы» триосы мен Тәжікстанның Душанбе қаласынан келген «Чоргох» тобы және А.Жұбанов атындағы музыкалық колледждің халық ұлт аспаптар оркестрі бөлісті (100 000 теңгеден).

Фестивальға қатысушылар сондай-ақ «Үздік солист», «Үздік дирижер», «Үздік вокалист» номинацияларымен де марапатталды. Білікті мамандардан құралған қазылар алқасының бағалауымен үздiк орындаушылар ретiнде арнайы премия оркестрдің бас дирижеры Халықаралық конкурстардың лауреаты Адай Жұмат арнайы жүлде – “Үздік дирижер” марапатын алды.
К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының қазақ ұлт аспаптар оркестрі II орынға ие болды.
Құрылғанына небәрі 7 жылдан астам уақыт өтсе де, кәсіби деңгейде өнер көрсеткен, республика бойынша ең жас оркестр үшін де бұл жоғарғы жетістік.

Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясы

‘342861, 87766686006 

!filarmoniyаЭтот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.  Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.