Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы

Мекен-жайы

Тараз қ, Төле би көш, 89

Байланыс Телефоны

+7 (7262) 34-29-59

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Басты бет / Жаңалықтар / «Ынтымағы жарасқан, туған өлкем – Қазақстан»

«Ынтымағы жарасқан, туған өлкем – Қазақстан»

Кешегі қилы заманда қазақ халқы тағдырдың жазуымен елге келген өзге этнос өкілдеріне кең құшағын жайып, бауырмалдықтың өнегелі үлгісін көрсетті. 1 наурыз жыл сайын барлық этностың бір-біріне және қазақ халқына алғыс айту күні ретінде аталып өтеді. Атаулы мерекеге орай «Көне Тараз» тарихи-этномәдени кешенінде салтанатты іс-шара өтті. Алғашқы сөз облыс әкімі Бердібек Машбекұлы Сапарбаевқа берілді. Мерейлі мерекемен құттықтаған облыс әкімі ынтымағы мен бейбітшілігі жарасқан, татулықты ту еткен еліміздің көркеюіне, дамуына үлес қосуға шақырды.

Салтанатты шара концерттік бағдарламамен жалғасын тапты. Сондай-ақ сөз алған Қазақстанның халық әртісі, актер, режиссер, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Тұңғышбай Жаманқұлов, "Полонез" поляк этномәдени бірлестігінің жетекшісі Лариса Викторовна Калькова, «Барбанг» күрділер ассоциациясы облыстық ақсақалдар кеңесінің мүшесі Сабри Асанов ұлт пен ұлысқа бөлінбей, бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп жатқан барша қазақстандықтарға Алғыстарын айтты. Мереке соңы концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.