Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы

Мекен-жайы

Тараз қ, Төле би көш, 89

Байланыс Телефоны

+7 (7262) 34-29-59

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Басты бет / Ұжым / Өнер ұжымдары / «Кәусар» вокалдық ансамблі

«Кәусар» вокалдық ансамблі

К.ӘЗІРБАЕВ АТЫНДАҒЫ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛАРМОНИЯСЫНЫҢ

«КӘУСАР» ВОКАЛДЫҚ АНСАМБЛІНІҢ

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЕҢБЕК  ЖОЛЫ

«Кәусар» вокалдық ансамблі – вокалды партиялар негізінде классикалық және заманауи бағытта әндерді орындайтын «сопрано», «альт», «тенор» және «баритоннан» тұратын вокалдық топ. Ансамбль репертуарында қазақ халық әндері мен қазақ классиктерінің, шетел композиторларының камералық хор музыкасының үлгілеріне түсіріліп жазылған әндерді бар.

2014 жылдың басында облыс өнерлі жастарын қолдау, бос уақыттарын тиімді өткізу, музыкалық сауаттарын арттыру, орындаушылық шеберліктерін қалыптастыру мақсатында Жамбыл облыстық филармониясы жанынан «Кәусар» вокалдық ансамблі құрылды.

Вокалдық ансамбльдің кәсіби өсуіне және репертуар жинақтауына Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының «Вокал және дирижерлау» факультетінің деканы Ғалымжан Берекешевтың үлкен ықпалы болды. Ансамбль

Вокалдық ансамбльдің дирижерлы Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясыныңтүлегі Абдешов Нуруддин. Концертмейстері Н.Г.Жиганов атындағы Казань мемлекеттік  консерваториясының түлегі Азиз Кушаков.

Ансамбль Алматы, Талдықорған, Астана, Шымкент, Тараз қалаларында өткен концерттерде өнер көрсетіп, ел ықыласына бөленіп жүр. Жекелеген әртістері музыкалық сайттар мен телевизиялық жобаларға қатысқан.

Қазіргі уақытта ансамбльдің репертуарында 50-ден аса достық, бейбітшілік, патриоттық әндер мен халық және шетелдік композиторлардың әндері бар.

Өнер ұжымы 2015 жылы 1 жылдық есептік концертін беріп, облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Алғыс хатымен марапатталды.

2016 жылдың мамыр айының 24-25 жұлдызы күндері өткен ҚР Халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Алтынбек Қоразбаев атындағы ІІ Халықаралық «Ән жырым саған – туған ел!» атты ән конкурсына қатысып, І орынды иеленді.

2017 жылдың 24 қаңтарында «Медис» караоке залында өткен байқауда «Кәусар» вокалдық ансамблінің әнші Ақерке Құрбан І орын иеленді.

2017 жылы 19 қыркүйекте Жамбыл ауданының Аса ауылында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын ілгерлету мақсатында «Кәусар» вокалдық ансамблінің «Елім менің» атты концерттік бағдарламасы берілді. Қазақ классикалық музыкаларынан әндер орйындалып, ансамбльдің шығармашылығы насихатталды.

Ансамбль Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармония залында Халықаралық конкурстардың лауреаты. Ансамбль солистері Дулат Жасұзақов пен Мадиан Бердиярова «Құрмет» орденінің иегері, композитор Бейбіт Оралұлының әндерін орындаушылардың «Елім менің» атты Халықаралық ән байқауында қатысып, лауреат атанды (15.06.2018).

Мемлекеттік сыйлықтың иегері Алтынбек Қоразбаев атындағы ІІ Халықаралық «Ән жырым саған – туған ел!» атты ән конкурсының лауреаты атанған ансамбль «Елім менің» атты есептік концертін беріп, облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Алғыс хатымен марапатталды (2018).

Алматы қаласында «Алматы күзі» атты Халықаралық вокалдық-хор ұжымдары мен жеке әншілер арасында шығармашылық қабілетті арттыру, тәжірибе алмасу мақсатында өткен Халықаралық музыкалық  фестивальге қатысып, І орынды иеленді (20-21.10.2018).

Әнші Дулат Жасұзақов қазақ музыка мәдениетіндегі барлық орындаушылық мәнерді қамтитын, қазақ әнінің халықаралық деңгейдегі заманауи төлтумалық дыбысын насихаттау, тыңдаушының талғамынан шыққан шығармалар арқылы орындаушыларды  марапаттау, дәстүр мен эстраданы жалғасуына онлайнэфир арқылы ықпал ету мақсатында өткен «Қазақ даусы - 2020» халықаралық ән-күй байқауының жеңімпазы (2020).

«Туған өлке», «Бақытты етемін», «Соғады жүрек», «Ғажайып Тараз», «Жастық шақ», «Таразым – Тамаша», «Жамбылым – жаңаша», «Жамбылым қандай тамаша», «Ән падишасы – Шәмші аға» атты концерттер мен салтанатты мерекелерде өнер көрсетті (2019).

Бірқатар әншілер Ә.Абдуалиева, А.Алмереков, А.Орынбасар, Г.Шәріпханова, Д.Музатова, Е.Бақыт, Н.Баймұратов, Д.Маханова, Д.Жасұзақов, Т.Мұмаханов онлайн концерттер беріп, челлендждерге қатысып, қайырымдылық акцияларда, мәдени-көпшілік іс-шараларда өнер көрсетіп жүр.