Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы

Мекен-жайы

Тараз қ, Төле би көш, 89

Байланыс Телефоны

+7 (7262) 34-29-59

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Басты бет / Ұжым

Қазақ ұлт - аспаптар оркестрі

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛАРМОНИЯСЫ ҚАЗАҚ ҰЛТ АСПАПТАР ОРКЕСТРІНІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЕҢБЕК ЖОЛЫ

Өңіріміздің ұлтттық өнерінің жанашыры ретінде ел ішіндегі өнерпаздардың өсуіне қолдау танытып, халқымыздың бай қазынасы – дәстүрлі өнерді насихаттау мақсатында 2011 жылдың сәуір айынан бастап Жамбыл облысының әкімінің қолдауымен Жамбыл облыстық филармониясы жанынан Қазақ ұлт-аспаптар оркестрі құрылды.

Оркестр 2012 жылдың 18 қазанда Тараз қаласында бір жылдық мерей тойы аталып өтті. Айтулы мерекеде КСРО және ҚР Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, қазақтың бұлбұл әншісі Бибігүл Төлегенова, Астана қаласы мемлекеттік филармониясының Қазақ Халық аспаптар оркестрінің көркемдік жетекшісі және бас дирижеры, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, профессор Айтқали  Жайымов, сонымен қатар, Оңтүстік Қазақстан және Атырау облыстық филармонияларының бас дирижерлары Есіркеп Жолдасов, Орақ Жауыров және т.б. өнер көрсетті.

Оркестрдің құрамында 50 кәсіби музыкант қызмет жасайды.

Оркестрдің бас дирижеры Адай Жұмат, дирижеры ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Мұқтар Рахманқұлов.

Оркестрдің бірқатар домбырашылары өнер табыстары үшін ҚР мәдениет және ақпарат министрлігінің, облыс әкімінің, облыстық мәдениет басқармасының «Алғыс хаттарымен» марапатталды.

Оркестр құрылғаннан бергі бір жыл ішінде Астанада өткен ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай ұйымдастырылған мерекелік шарада өнер көрсетіп айтулы шараға өз үлесін қосты. Елбасы Н.Назарбаевтың Жамбыл облысына келген ресми сапарында салтанатты жиында өнер көрсетіп, Елбасының ризашылығына бөленді.

Бұл шығармашылық ұжым облыс көлемінде ұйымдастырылып жүрген мәдени-саяси іс-шараларда, Халық жазушысы Шерхан Мұртазаның 80 жылдық мерей тойында өнер көрсетті. Комозитор ҚР еңбек сіңірген қайраткері Әбдімомын Желдібаевтың 75 жасқа толған мерейтойында мерейтой иесінің шығармаларын жоғары деңгейде орындап, үнтаспаға басып шығаруға еңбек етті. «Бабалар сазы»,  «Бабадан қалған күмбір күй», мектеп оқушыларына арналған «Танымдық концерттер», Халық музыкасының кештерін қала, облыс аудан орталықтарында қойып, халықтың ризашылығына бөленді.

Оркестр Алматы қаласының Орталық концерт залында «Елден сәлем» атты концертін беріп, «Мәдениет» арнасына бейнетүсірілімге түсті.

2014 жылдың 1 сәуірінде,  2015 жылдың 14 маусымында Алматы қаласы «Хабар» агенттігінің жанынан ашылған «Білім және Мәдениет» телеарнасында дәстүрлі өнердің даралығын танытар «Ғасырлар пернесі» бағдарламасында концерттік бағдарламаларын түсірген.

2017 жылы 26 шілдеде «ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесіне» орай амфитеатр сахнасында Жамбыл облысының күндері шеңберінде «Әулие-ата әуендері», 28 шілдеде «Қазанат» қалалық ипподром аумағындағы Этно ауылда «Күй керуені» атты концертін берді.

Оркестрдің өнер сапарлары Астана, Шымкент және шет мемлекеттерге баруға жоспарланып отыр.

Оркестрдің орындауындағы Жамбыл өңірі мен танымал қазақ  композиторларының күйлер үнтаспаға басылып, халыққа кеңінен насихатталуда.