Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының "Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясы" КМҚК

Мекенжай

Тараз қ, Төле би көш, 89

Байланыс Телефоны

+7 (7262) 34-29-59

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Басты бет / Ұжым / Өнер ұжымдары / «Балауса» циркі

«Балауса» циркі

К.ӘЗІРБАЕВ АТЫНДАҒЫ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛАРМОНИЯСЫНЫҢ

«БАЛАУСА» ЦИРКІНІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЕҢБЕК ЖОЛЫ

«Балауса» циркі «Жамбыл облыстық филармониясына 2012 жылдың қаңтар айында «Алатау» ән-би жастар ансамблінен «Балауса» циркі деген атаумен ауысты. Қазіргі таңда К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясында өзіндік орны бар шығармашылық ұжым. Көркемдік жетекшісі халықаралық конкурстардың лауреаты Талғат Альчикенов.

Цирк ұжымы сахнаға Қазақстан Республикасында тұңғыш болып «Дала еркелері», «Арқанмен секіру ойыны», «Ақтолқын» үйретілген көгершіндер, «Икариика ойыны», «Буынсыз дене» нөмерлерін шығарды.

Жетістіктері: 2004 жылы Астанада өткен халықаралық «Шабыт» фестивалінде «Дала еркелері» А.Демяненко атындағы арнайы аталымы бойынша «Ақтолқын» ІІ орын, «Буынсыз дене»  ІІІ орынды иеленді.

2004 жылы «Шабыт» Халықаралық фестивалінде осы цирк тобының көркемдік жетекшісі «Үздік жаттықтырушы» дипломымен марапатталды.

2006 жылы «Шабыт» Халықаралық фестивалінде «Буынсыз дене» Б.Жұмағұлов атындағы орынды иеленді. «Жонглер» тобы ІІ орын, «Ақтолқын» І орынды иеленді.

2008 жылы «Шабыт» Халықаралық фестивалінде «Буынсыз дене» аталымы бойынша І орынды иеленді.

2008 жылы Қытай Республикасында өткен цирк фестивалінде ІІІ орын «Қола» меділін иеленді.

2010 жылы Арменияда өткен цирк фестивалінде «Буынсыз дене» І орын «Алтын медальді» иеленді.

2012 жылы Астана қаласында өткен «Дельфийлік ойындар» конкурсында «Қола медаль» иегері атанды.

«Қазақстан» ұлттық арнасында өткен «Жұлдызды сәт» телебайқауының жеңімпазы атанды (2012 жыл).

«Хабар» арнасында өткен Республикалық «Аймақтар аламаны» тележобасының лауреаты атанды (2012 жыл).

2015 жылдың 13-21 маусым аралығында Ақтөбе қаласында шығармашылық жастарды қолдау, ұжымдар арасында тәжірибе алмасу мақсатында өткен «Әлия гүлі» VI Халықаралық шығармашыл балалар мен жасөспірімдер фестиваліне қатысып, «Үздік ұжым» номинациясымен марапатталды.

2017 жылдың 3-7 қараша аралығында Астана қаласында өткен «Шабыт» ХХ Халықаралық шығармашылық жастар фестиваліне қатысып,  Талғат Альчикенов, Нұрбол Байтөлеев арнайы дипломмен және «Жұмағұл Балтабаев» атындағы номинациямен марапатталды.

2019 жылдың 1 ақпан мен 17 сәуір аралығында «MTG» агенствасының ұйымдастыруымен Стамбулда өткен «Сиқыршылардың» фестивалінде үздік атанған Талап Таубеков іріктеуінен өтіп, Араб мемлекентінің Доха қаласында жалғасын табқан 118 мемлекеттің сиқыршылары қатысқан «MAGIC FESTIVAL - 2018» фестиваліне жолдама алып, ІІ орынды иеленді.

Өнер сапарларымен Астана, Атырау,  Шымкент, Түркістан, Кентау, Ақтөбе, Орал, Қызылорда, Қарағанды қалалары мен Жамбыл облысының елді-мекендерінде «Таңғажайып әлем», «Қиял әлемі», «Көңілді керуен», «Тараздан таңғажайып тарту!», «Шаттаныңдар балақайлар» атты шоу концерттер беріп, ел ықыласына бөленіп келеді.