Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы

Мекен-жайы

Тараз қ, Төле би көш, 89

Байланыс Телефоны

+7 (7262) 34-29-59

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Басты бет / Ұжым / Өнер ұжымдары / «Тараз» триосы

«Тараз» триосы

К.ӘЗІРБАЕВ АТЫНДАҒЫ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛАРМОНИЯСЫНЫҢ

«ТАРАЗ» ТРИОСЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЕҢБЕК ЖОЛЫ

«Тараз» триосы 1974 жылғы Жамбыл облыстық «Алатау» халықтық-жастар эстрадалық ансамблінің құрамында құрылған. Алғашқы кезде Жамбылдық домбырашы-әншілер триосы болып аталды. Репертуарында негізінен халық әндері, халық композиторларының әндері, жергілікті және республикаға танымал композиторлардың әндері бар.

«Тараз» триосының қазақ өнерін басқа да жұртшылыққа таныстыруда қосқан үлесі мол. Олар Республикалық «Жігер – жастар» фестивалінің лауреаты атанды. Екі мәрте Москвада өткен Халық шаруашылығы жетістіктері көрмесінде өнер көрсетіп, Алғыс хатпен марапатталды. Москвада өткен Бүкілодақтық «Жолдас ән» фестивалінің, Республикалық халық творчествосы телевизиялық конкурсының, Кенен Әзірбаев атындағы Республикалық «Шырқа даусым» ән конкурсының (2003 жыл), «Қазақстан» РТРК» АҚ-ның ұйымдастыруымен Отандық және алыс-жақын шет елдегі әншілердің қатысуымен өткен Халықаралық «Дала дауысы» радиофестивадерінің лауреаты (2012 жыл).

2005 жылы Ата-заңымыздың 10 жылдығына байланысты, Туркияның сегіз қаласын аралап концерт берді.

Тараз қаласының 2000 жылдық мерейтойына байланысты «Тараз» триосы болып аты өзгеріп, құрамы жаңарды.

Қазақстан Республикасы мен Польша Республикасы арасындағы мәдени ынтымақтастықты нығайту мақсатында Варшава қаласында өткен «Менің Жібек жолым саған» өнер іс-сапарына қатысты.

2013 жылы Қазақстан мәдениет министрлігінің Құрмет грамотасымен мараппатталды.

2016 жылдың 19-29 наурыз аралығында ТҮРКСОЙ бас хатшылығының ұйымдастыруымен Түркияда өткен Наурыз мерекесіне арналған мәдени іс-шараға қатысып, өнер көрсетті.

«Тараз» триосының әншісі А.Шүңіреков 2012 жылы «Қазақстанның енбек сіңірген қайраткері» құрметті атағын иеленді.

Қазір трио мүшелері:

Асылхан Шүңіреков – домбырашы;

Ержан Ыдырысов – сырнайшы, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері (2016 жыл).

Ноян Сейділдаев – домбырашы, шертерші, дауылпазшы, «Жас қанат» Республикалық эстрадалық әншілер конкурсының дипломанты (2004 жыл). «Мәдениет және өнер қызметкерлері» күніне орай облыс әкімінің Құрмет грамотасымен және 200 000 теңге сыйақысымен марапатталды (2020 жылы 21 мамыр).