Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы

Мекен-жайы

Тараз қ, Төле би көш, 89

Байланыс Телефоны

+7 (7262) 34-29-59

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Басты бет / Жаңалықтар / «Әуені әсем Әулиеата» концерт

«Әуені әсем Әулиеата» концерт

«ЖАЗ ӘУЕНДЕРІ» облыстық концерттік ұйымдардың үздік концерттері циклінің эстафетасын жарты ғасырлық тарихы бар Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясы жалғастырады. Филармонияның қазақ ұлттық аспаптар оркестрі, «Алатау» фольклорлық ансамблі, «Тараз» триосы, «Кәусар» вокалды ансамблі, «Ақкербез» және «Айша бибі» би ансамбльдері сияқты талантты ұжымдары бүгінгі күнге дейін сүйікті көрермендерін өзінің шығармашылықтарымен қуантуда.

Назарларыңызға Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының 50 жылдық мерейтойына арналған «ӘУЕНІ ӘСЕМ ӘУЛИЕАТА» атты концертін ұсынамыз. Концерттің онлайн-премьерасы 25 шілде күні сағат 19.00-де Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің YouTube арнасында өтеді.