КГКП "Жамбылская областная филармония имени Кенена Азербаева" управления культуры, архивов и документации акимата Жамбылской области

Адрес

г. Тараз, ул. Толе би, 89

Контактный Телефон

+7 (7262) 34-29-59

Время работы

Пнд - Птн: 09.00 - 18.00

Главная / Медиа / Вакансии / Жарнама менеджері -1 бірлік (уақытша бала күтімі демалысындағы қызметкердің бос орны) бос тұрған лауазымдарына конкурс жариялайды

Жарнама менеджері -1 бірлік (уақытша бала күтімі демалысындағы қызметкердің бос орны) бос тұрған лауазымдарына конкурс жариялайды

Кәсіпорынның атауы: Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама  басқармасының «Жамбыл облыстық филармониясы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

Орналасқан жері: пошталық индексі 080000. Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Төле би көшесі №89 үй. Тел. (87262) 34-10-12.

Кәсіпорын қызметінің негізгі бағыты: Әдебиет және өнер туындыларын көпшілік алдында орындауға және көркемдік ұжымдар мен жекелеген орындаушыларды танымал етуге жағдайлар жасау, халықтың рухани және эстетикалық сұранысын қанағаттандыру, кәсіби көркемдік ұжымдар мен жекелеген орындаушылардың концерттерін ұйымдастыру, көркемдігі жоғары бағдарламалар мен нөмірлер жасаудың жағдайларын қамтамасыз ету, музыкалық-ағартушылық қызметті жүзеге асыру, халыққа музыкалық-эстетикалық тәрбие беру, ҚР заңнама талаптарына сәйкес ақылы қызметтер көрсету болып табылады.

Лауазымдық міндеттері: Тұтынушыларды жарнамаланатын қызметтің сапасының артықшылығы және ерекше сипаттамалары туралы хабардар ете отырып, көрсетілетін қызметтерді өткізу мақсатында жарнамалау бойынша жұмысты ұйымдастырады. Жарнамалық жұмыстарды басқаруды, жоспарлауды және үйлестіруді жүзеге асырады. Ұйымның алдағы дамуының, жарнаманың бұқаралық ақпарат құралдарындағы нысандары мен тәсілдерін, олардың мәтіндік, түс және музыкалық ресімделуін таңдауды жүзеге асырады. Жарнаманың нақты орнын (газеттер, журналдар, жарнама роликтері және басқалары) және олардың тиімді үйлесуін белгілейді. Жарнамалық мәтіндерді, плакаттарды, жобаларды, каталогтарды, буклеттерді даярлауды ұйымдастырады, олардың көрнекілігін және жалпыға қол жетерліктей болуын қамтамасыз ете отырып сапасын, қоғамдық мораль нормаларының сақталуын бақылайды. Қызметтерді жарнамалау бойынша шарттар мен келісімдерді даярлауды және жүзеге асыруына бақылауды жүзеге асырады. Көрсетілетін қызметтерге деген сұранысты талдауды, сұранысын зерттеу және бағалау арқылы қыземтті жүзеге асырады. Көрсетілетін қызметке деген сұраныс уәждемесін талдайды, көрерменердің талаптарын зерделеуді ұйымдастырады. Жарнама шараларын даярлау және өткізу барысында ұйымның құрылымдық бөлімшелерімен қажетті байланыстарды  жүзеге асырады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Тиiстi мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi) бiлiмі мен менеджмент саласында арнайы дайындығы, тиісті мамандығы бойынша жұмыс стажы кемінде 1 жыл болуы тиіс. 

Білуі тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының «Мәдениет туралы», «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» заңдарын. Жарнамалық қызметті реттейтін заңнама және нормативті құқықтық актілерін.

Жарнама менеджерінің лауазымдық жалақысы білімінің денгейіне сәйкес 50224 теңгеден  54506 теңге  дейін.

Конкурс Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы «Азаматтық қызметке кіру және азаматтық қызметшінің бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларын бекіту туралы» № 1017 бұйрығына сәйкес өткізіледі.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар осы хабарландыру Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Жамбыл облыстық филармониясы» zhofil.kz интернет – сайтында жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде мына мекен-жай бойынша қабылданады: Тараз қаласы, Төле би көшесі № 89, 2 қабат, №208 каб., тел.: 8(7262)34-10-12.

Мынадай құжаттарды ұсынуы тиіс:

  • конкурсқа қатысу туралы өтініш;
  • жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  • кадрларды есепке алу жөніндегі толтырылған жеке парақ (нақты тұратын мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген);
  • білімі туралы құжаттардың көшірмесі;
  • еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнына қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмесі;

6) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6697 болып тіркелді) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.с.) бере алады.

Конкурс өтетін күні: 2018 жылдың  12 қыркүйек.

Конкурстың өтетін орны: Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Төле би даңғылы №89 (2 қабат, 208 бөлме)

Осы лауазымға орналасқан тұлға үшін көтерме шығындар төленбейді, тұрғын үй және өзге де жеңілдіктер берілмейді.