КГКП "Жамбылская областная филармония имени Кенена Азербаева" управления культуры, архивов и документации акимата Жамбылской области

Адрес

г. Тараз, ул. Толе би, 89

Контактный Телефон

+7 (7262) 34-29-59

Время работы

Пнд - Птн: 09.00 - 18.00

Главная / Медиа / Вакансии / Көркемдік жетекшісі – 1 бірлік бос тұрған лауазымына конкурс жариялайды

Көркемдік жетекшісі – 1 бірлік бос тұрған лауазымына конкурс жариялайды

Кәсіпорынның атауы: Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама  басқармасының «Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

Орналасқан жері: пошталық индексі 080000. Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Төле би көшесі №89 үй. Тел. (87262) 34-10-12.

Кәсіпорын қызметінің негізгі бағыты: Әдебиет және өнер туындыларын көпшілік алдында орындауға және көркемдік ұжымдар мен жекелеген орындаушыларды танымал етуге жағдайлар жасау, халықтың рухани және эстетикалық сұранысын қанағаттандыру, кәсіби көркемдік ұжымдар мен жекелеген орындаушылардың концерттерін ұйымдастыру, көркемдігі жоғары бағдарламалар мен нөмірлер жасаудың жағдайларын қамтамасыз ету, музыкалық-ағартушылық қызметті жүзеге асыру, халыққа музыкалық-эстетикалық тәрбие беру, ҚР заңнама талаптарына сәйкес ақылы қызметтер көрсету болып табылады.

Лауазымдық міндеттері: музыка, би, цирк ұжымдарына жалпы басшылықты жүзеге асырады. Тұрақты орындарда, гастрольдік және шығармашылық сапарларда өнер көрсету кезінде қойылымдардың (концерттердің, цирк көрсетілімдерінің) жоғары көркемдік деңгейін қамтамасыз етеді, жаңа қойылымдарды жасаумен және бұрын жасалған қойылымдарды жаңартумен, тұрақты, гастрольдік және шығармашылық сапарларда өнер көрсету кезінде оларды жалға берумен байланысты жұмыстар кешенін қамтамасыз етеді, ағымдағы репертуар қойылымдары көрсетілімінің күнтізбелік жоспарларын қарастырады және бекітеді, белгіленген нормаларға сәйкес негізгі қойылымдардың көрсетілімін жүзеге асырады, авторлармен жаңа сахналық туындыларды жасау бойынша жұмыстар жүргізеді, ұжым жұмысының көркемдік қағидаттарын анықтайды, ұзақмерзімді репертуарлар жоспарларын, қойылымдар жасаудың жоспар-кестелерін бекітеді, қойылым топтары мен орындаушылардың құрамдарын қалыптастырады, төраға ретінде көркемдік кеңестің жұмысын басқарады, шығармашылық кадрлардың іріктелуін, орналастырылуын және пайдаланылуын қамтамасыз етеді, әртістік-көркемдік персоналдың шығармашылық және еңбек тәртібін сақтауын қамтамасыз етеді, қызметкерлерді тарифтеу, ынталандыру туралы және тәртіптік жазаға тарту туралы ұсыныстар енгізеді;

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

"өнер" мамандықтар тобы бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандығы бойынша театрлық ойын-сауық ұйымдарда 5 жылдан кем емес жұмыс өтілі.

Білуі тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының «Мәдениет туралы», «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы», "Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы" заңдарын; шығармашылық үдерістің әдіснамасын, режиссура және актерлік шеберліктің теориясы мен практикасын, сахналық және музыкалық безендіру негіздерін, музыкалық өнер негіздерін, шетелдік театрлық ойын-сауық ұйымдардың жұмыс тәжірибесін, классикалық және заманауи драматургияны.

Көркемдік жетекшінің лауазымдық жалақысы білімінің денгейіне сәйкес 60346 теңгеден  101 700 теңге  дейін.

Конкурс Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы «Азаматтық қызметке кіру және азаматтық қызметшінің бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларын бекіту туралы» № 1017 бұйрығына сәйкес өткізіледі.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар осы хабарландыру Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясы» zhofil.kz интернет – сайтында жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде мына мекен-жай бойынша қабылданады: Тараз қаласы, Төле би көшесі № 89, 2 қабат, №208 каб., тел.: 8(7262)34-10-12.

Мынадай құжаттарды ұсынуы тиіс:

  1. конкурсқа қатысу туралы өтініш;
  2. жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  3. кадрларды есепке алу жөніндегі толтырылған жеке парақ (нақты тұратын мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген);
  4. білімі туралы құжаттардың көшірмесі;
  5. еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнына қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмесі;

6) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау

министрі міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6697 болып тіркелді) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.с.) бере алады.

Конкурс өтетін күні: 2019 жыл 6 ақпан.

Конкурстың өтетін орны: Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Төле би даңғылы №89 (2 қабат, 208 бөлме)

Осы лауазымға орналасқан тұлға үшін көтерме шығындар төленбейді, тұрғын үй және өзге де жеңілдіктер берілмейді.