КГКП "Жамбылская областная филармония имени Кенена Азербаева" управления культуры, архивов и документации акимата Жамбылской области

Адрес

г. Тараз, ул. Толе би, 89

Контактный Телефон

+7 (7262) 34-29-59

Время работы

Пнд - Птн: 09.00 - 18.00

Главная / Медиа / Новости / «Әлқисса-Нұрғиса» телевизиялық концерті өтті

«Әлқисса-Нұрғиса» телевизиялық концерті өтті

2020 жылдың 15 қазанында «Баласағұн» ОКЗ-да Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының желілік кестесіне сәйкес Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясы Қазақ ұлт аспаптар оркестрінің «ӘЛҚИССА - НҰРҒИСА» атты телевизиялық концерті өтті.

Халқымыздың ұлы тұлғасы, күйші, композитор, дарыны дархан далаға тараған Нұрғиса Тілендиевтің биыл туғанына – 95 жыл. Табиғатынан талантты тарландарының бірі, туған халқы үшін барынша еңбек еткен, шын дарын иесі Нұрғиса Тілендиевтің бүкіл әуезді әндері мен күмбірлеген күйлері сахна төрінде орындалды.

Концертте Қазақ ұлт аспаптар оркестрі, «Тараз» триосы, «Ақкербез» би ансамблі, «Кәусар» вокалдық ансамблі, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Бақыт Шағырбаев, Мәдениет саласының үздіктері Оңал Азаматова, Жанатбек Кәдіров және т.б. әншілер өнер көрсетті.