Жамбылская областная филармония

имени Кенена Азербаева

Адрес

г. Тараз, ул. Толе би, 89

Контактный Телефон

+7 (7262) 34-29-59

Время работы

Пнд - Птн: 09.00 - 18.00

Главная / Медиа / Новости / Ұлттық аспап ұлықталған күн

Ұлттық аспап ұлықталған күн

Бүгін Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Ұлттық домбыра күнін атап өту мақсатында ҚР Тұңғыш Президенті саябағында «ДОМБЫРА-ДАСТАН» атты мерекелік іс-шара өткізілді.

Қазақстанның барлық аймағында дәстүрге айналған іс-шара К.Әзірбаев атындағы облыстық филармониясының қазақ ұлт аспаптар оркестрі мен Тараз қалалық мәдениет үйінің, балалар мен жасөспірімдер орталығының үйірме оқушылары, Абай атындағы Жамбыл жоғары гуманитарлық колледж студенттерінің орындауындағы Түркештің «Көңілашар» күйімен ашылды.

Шара барысында облыс әкімі Бердібек Сапарбаев ұлттық домбыра күнімен құттықтап, жас домбырашы, халықаралық, республикалық байқаулардың жүлдегері Дамир Руслановқа арнайы тапсырыспен жасалған домбыраны табыс етті.

Мерекелік шарада ҚР Мәдениет қайраткері, күйші-композитор Аман Малдыбаевтың сүйемелдеуімен «Көне Тараз» күйі, сонымен қатар, К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының қазақ ұлт аспаптар оркестрі мен әншілері, қала өнерпаздарының қатысуымен Құрманғазының «Сарыарқа», «Балбырауын», М.Әубәкіровтың «Талас», Ә.Желдібаевтың «Ерке Сылқым», «Әулиеата» күйлері орындалып, К.Әзірбаевтың «Бастау», «Домбыра», Ш.Қалдаяқовтың «Жаңарған Жамбыл», Н.Тілендиевтің «Өз елім», және т.б. әндер шырқалды.

Аталмыш шарада барлық санитарлық талаптар сақталды.