КГКП "Жамбылская областная филармония имени Кенена Азербаева" управления культуры, архивов и документации акимата Жамбылской области

Адрес

г. Тараз, ул. Толе би, 89

Контактный Телефон

+7 (7262) 34-29-59

Время работы

Пнд - Птн: 09.00 - 18.00

Главная / Медиа / Новости / Тараздың кеші «Кәусар» вокалдық ансамблінің әуендеріне боялды

Тараздың кеші «Кәусар» вокалдық ансамблінің әуендеріне боялды

16 қараша күні "Баласағұн" ОКЗ-да 17 қараша — Халықаралық студенттер күніне орай, ел тәуелдігінің 30 жылдығы аясында К. Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясында құрылғанына 7 жыл толған "Кәусар" вокалдық ансамблінің "Елімді сүйемін" атты мерекелік концерті өтті. Концертте қазақ және шет ел композиторларының әндері орындалды. Ансамбль құрамындағы әншілер жеке, дуэт, трио, квартет болып та өнер көрсетті. Концертке "Ақкербез" және "Айша Бибі" би ансамбльдері, "FırДауыс" квартеті, Әлішер Балтаев, Жанна Асанқұлова, Берекет Қосбергенов қатысты. 2014-2021 жылдар аралығындағы ансамбльдің шығармашылық белестерінен бейне роликтер тарту етілді. Концертті тамашалаған қаламыздағы жоғары және орта арнаулы оқу орындарының студенттері өнерпаз жастарға қошаметін аямады. Алдағы уақытта ансамбльдің концерттері 18 қараша Жуалы ауданының, 20 қараша Байзақ ауданының, желтоқсан айында Сарысу және Меркі аудандарының елді-мекендерінде жалғасын табатын болады.