КГКП "Жамбылская областная филармония имени Кенена Азербаева" управления культуры, архивов и документации акимата Жамбылской области

Адрес

г. Тараз, ул. Толе би, 89

Контактный Телефон

+7 (7262) 34-29-59

Время работы

Пнд - Птн: 09.00 - 18.00

Главная / Медиа / Новости / «Өз елім - ән бесігім!» атты шығармашылық ән кеші өтті

«Өз елім - ән бесігім!» атты шығармашылық ән кеші өтті

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың Жолдауларын насихаттату, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын ілгерілету мақсатында ағымдағы жылдың 12-мамыры күні Тараз қаласының «Баласағұн» орталық концерт залында К. Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының әншісі, халықаралық конкурстардың лауреаты, Мәдениет саласының үздігі Кәдіров Жанатбек Сапарбайұлының «Өз елім - ән бесігім!» атты шығармашылық ән кеші өтті.

Кеш облыстық филармонияның Қазақ оркестрінің сүйемеледуімен болды. Оркестр дирижеры әрі көркемдік жетекшісі Дулат Байзіладев. Өнер көрсеткендер: танымал өнер майталмандары «Тараз» триосы, әнші Манапбек Кәдіров, күйші Батырбек Байназаров және кешті жүргізген күйші Сәрсенғали Жүзбаев болды.

Кеш иесіне Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысы Ерлан Жүнісбайдың Алғыс хаты, облыстық филармонияның естелік сыйлықтары мен гүл шоқтары берілді. Әріпсетімізге толағай табыстар тілейміз!