КГКП "Жамбылская областная филармония имени Кенена Азербаева" управления культуры, архивов и документации акимата Жамбылской области

Адрес

г. Тараз, ул. Толе би, 89

Контактный Телефон

+7 (7262) 34-29-59

Время работы

Пнд - Птн: 09.00 - 18.00

Главная / Медиа / Новости / 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтау!

4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтау!

К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Түктібаев Сейітқасым Шерімұлының құттықтауы.

Құрметті Қазақ елі! Баршаңызды 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Санамызға тәуелсіздік идеясын орнықтырып, патриотизмді қалыптастыруда, ұлттық бірлікті нығайтуда ерекше мәнге ие Мемлекеттік рәміздерімізге биыл 30 жыл.

Мемлекеттік рәміздер – біздің сонау ғасырлар қойнауынан сыр шертер тағылымды тарихымыздың шынайы көрінісі. Оның мазмұнды нышандары кешегі өткенімізді айшықтап, ертеңгі мақсатымызды айқындап тұр. Рәміздердегі нышандар арқылы ұлтымыздың әлем алдындағы бейнесі қалыптасады. Сондықтан да, бұл күн барша қазақстандықтар үшін патриоттық пен намыстың мерекесі!

Біздің Рәміздерге деген құрмет – азаматтардың өз елінің азаматы екендіктерін қаншалықты деңгейде түйсінуінің, ел болашағына деген сенім мен сүйіспеншілік сезімдерінің өлшемі. Себебі, Ту, Елтаңба және Гимн өз мемлекеттілігін ғасырлар бойы аңсаған азат ұлттың орындалған арманының белгісі.

Қадірлі ағайын!

Тәуелсіздігіміздің тұмарына айналған мемлекеттік рәміздеріміз болашаққа бастаған ұлы көшімізді демеп, игі істерімізді қолдай берсін!

Бірлігіміз жарасып, еліміздің жарқын болашаққа бастар жолында нық қадам жасап, ынтымағы жарасқан ел болайық! Әрдайым еліміз тыныш, халқымыз аман, рәміздіріміздің мәртебесі биік болсын!