КГКП "Жамбылская областная филармония имени Кенена Азербаева" управления культуры, архивов и документации акимата Жамбылской области

Адрес

г. Тараз, ул. Толе би, 89

Контактный Телефон

+7 (7262) 34-29-59

Время работы

Пнд - Птн: 09.00 - 18.00

Главная / Медиа / Новости / Әулиеата аспаны ән мен күйге бөленді

Әулиеата аспаны ән мен күйге бөленді

28 маусым күні «Баласағұн» ОКЗ-да «Балалар жылына» орай К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының «Алатау» фольклорлық ансамблінің «Алатау әуендері» атты танымдық концерттік бағдарламасы өтті.

Бағдарламада «Көне Тараз» күмбірі» атты І және ІІ Республикалық фольклорлық ансамбльдер конкурсына ұсынылған Жамбыл және Тараз жерін суреттейтін жаңа әндер мен күйлер, халықтық жанрдағы шығармалар орындалды. Балалар Ш.Қалдаяқовтың «Ана туралы жыр» әнін фольклормен қосыла шырқап, қазақтың ұлттық аспаптарының шығу тарихымен танысты. Сонымен қатар, танымдық сұрақтар, логикалық жұмбақтар жасырылды. Музыкалық әуендерден «Әуенді тауып көр» ойыны ойнатылды. Белсенділік көрсеткен оқушыларға облыстық филармонияның музыкалық мұраларынан CD жинақтар тарту етілді. Оқушылар мен ата-аналар ыстық ықылас танытып, өнер ұжымына алғыстарын жаудырды.