КГКП "Жамбылская областная филармония имени Кенена Азербаева" управления культуры, архивов и документации акимата Жамбылской области

Адрес

г. Тараз, ул. Толе би, 89

Контактный Телефон

+7 (7262) 34-29-59

Время работы

Пнд - Птн: 09.00 - 18.00

Главная / Медиа / Новости / «Кездер-ай» ретро әндер кеші өтті

«Кездер-ай» ретро әндер кеші өтті

«Кездер-ай» ретро әндер кеші - көрермен көңіліне ыстық настольгия сыйлады!

21 қазан күні «Баласағұн» ОКЗ-да Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, музыка өнерінің мұрағатын байытқан қазақ композиторлары мен шет ел әуендерінен «Кездер-ай» ретро кеші өтті.

Ретро ән кешінде 30-ға жуық естен кетпес ескі әндер, сағындырған есті әндер орындалды. Концертте филармонияның әншілері, би ұжымдары, вокалдық және фольклорлық ансамбльдері өнер көрсетіп, көрермен ықыласына бөленді.

Ретро кеші филармонияның facebook әлеуметтік желісі арқылы тікелей эфирден көрсетілді. Сондай-ақ, өнер ұжымының zhofil.kz ресми ақпараттық сайты мен instagram парақшасында насихатталды.

Өнер ұжымының репертуарында дәстүрге айналған бұл концерт алдағы уақытта барлық елді-мекендерде жалғасын табады.