КГКП "Жамбылская областная филармония имени Кенена Азербаева" управления культуры, архивов и документации акимата Жамбылской области

Адрес

г. Тараз, ул. Толе би, 89

Контактный Телефон

+7 (7262) 34-29-59

Время работы

Пнд - Птн: 09.00 - 18.00

Главная / Медиа / Новости / Күй мерекесі керемет өтті

Күй мерекесі керемет өтті

1 желтоқсан күні Жамбыл облысы әкімдігінің қолдауымен, мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы Облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, күйші-композитор Әбдімомын Желдібаевтың 85 жылдығына арналған «Күмбірле күйім-елімде!» атты шығармашылық «Баласағұн» орталық концерт залында өтті.

Кеште К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының қазақ ұлт-аспаптар оркестрі, елге танымал өнер иелері, дирижерлар Дулат Байзілдаев, Нұрлан Бекенов, әншілер: Сәуле Желдібаева, “Тараз” триосы, Бақыт Шағырбаев, Жанатбек Кәдіров, Жанат Досжанова, Мерей Абуева, Гүлбала Мықтыбек автордың күйлері мен әндерін орындады.

Кеш аясында композитордың шығармалар жинағының тұсауы кесіліп, авторға облыс әкімдігі сый-құрмет танытып, ықылас гүлі тарту етті.