КГКП "Жамбылская областная филармония имени Кенена Азербаева" управления культуры, архивов и документации акимата Жамбылской области

Адрес

г. Тараз, ул. Толе би, 89

Контактный Телефон

+7 (7262) 34-29-59

Время работы

Пнд - Птн: 09.00 - 18.00

Главная / Медиа / Новости / Халықаралық әншілер конкурсы өтті

Халықаралық әншілер конкурсы өтті

Жамбыл облысы әкімдігінің қолдауымен өткен АЛТЫНБЕК ҚОРАЗБАЕВ атындағы әншілер конкурсы өз мәресіне жетті.

18.05.2023 жылы Тараз қаласында Қазақстан Республикасының Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Барыс – І, ІІІ», «Парасат» ордендерінің иегері, Қырғызстанның Еңбек сіңірген әртісі, Жамбыл облысының құрметті азаматы, әнші-композитор Алтынбек Қоразбаевтың 75 жас мерейтойына арналған «Ән-жырым саған, туған ел» атты ІІІ Халықаралық әншілер конкурсы өтті.

Облыс әкімі Нұржан Молдиярұлы Нұржігітов конкурсанттарға сәттілік тілеп, «Бас жүлде» иегері

К. Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының әншісі Дулат Жасұзақовты марапаттап, А. Қоразбаевқа сый-құрмет көрсетті.

І орын Жамбыл облысы, Шу ауданынан Ербосын Касымбекке,

ІІ орын Жетісу облысынан келген «Браво» дуэтіне,

ІІІ орын Маңғыстау облысынан келген Азамат Амангелдіге табысталды.

Конкурс аясында композитордың өнер кеші өтті.

Өнер көрсеткендер: Қырғызстандық әншілер Ұлан Қашқаналиев, Айбек Қасымов, Адинай Исаева және эстрада жұлдыздары: Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Жұбаныш Жексенұлы, «Өнер» қайраткері Алма Аманжолова, Мәдениет саласының үздігі Қарлығаш Қожағазина, К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының Қазақ ұлт аспаптар оркестрі, көркемдік жетекші әрі дирижері Дулат Байзілдаев, Мәдениет саласының үздігі Жанатбек Кәдіров, Мерей Абуева, Динара Маханова, Дамира Музатова, «Жамбыл» триосы, «Тараз-тарту» квартеті және конкурс лауреаттары.

Концертте «Қаршыға-Ақжелең», «Сардала» күйлері, «Боздала», «Туған жер», «Ауылда өткен тойлар-ай», «Қараша қаз, қайдасың», «Сағындым Кенен атамды», «Шашбаулым», «Желдірме», «Жайлауда», «Туған жерім тамаша», «Қырғыз қызы әдемі», «Сенің бейнең...», «Айшаның әні», «Көзіңнен айналайын», «Қазақстан» тақырыбындағы әндер орындалды.

Барлық конкурсанттарға А. Қоразбаевтың ән кітабы, CD жинағы естелікке берілді.

Концертті Мәдениет саласының үздігі Жанна Асанқұлова, Берекет Қосбергенов жүргізді.

Облыс әкімі өнер шеберлеріне Ықылас гүлін тарту етті.

Игі шараларды облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ықпалымен Облыстық Халық Шығармашылығы Орталығы, К. Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясы ұйымдастырды.