КГКП "Жамбылская областная филармония имени Кенена Азербаева" управления культуры, архивов и документации акимата Жамбылской области

Адрес

г. Тараз, ул. Толе би, 89

Контактный Телефон

+7 (7262) 34-29-59

Время работы

Пнд - Птн: 09.00 - 18.00

Главная / Медиа / Новости / Классика әуені Әулиeата аспанында әуеледі

Классика әуені Әулиeата аспанында әуеледі

Таразда отандық классикалық музыка әлеміндегі танымал музыканттар мен белгілі әншілердің шығармашылығын насихаттау мақсатында «Күзгі әуен» классикалық өнер кеші өтті.

Ашық аспан астында өткен өнер кешіне облыс әкімі Ербол Қарашөкеев, зиялы қауым өкілдері мен қала тұрғындары куә болды. Шымкент қалалық опера және балет театрының симфониялық оркестрінің “Увертюра” туындысын сүйемелдеуімен кештің шымылдығы түрілді.

Кеште әлем операсының алтын дауысы Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Майра Мұхамедқызы, опера әншісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Толқын Забирова, танымал скрипкашы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жамиля Серкебаева, халықаралық конкурстардың лауреаттары Әсел Уашева, Айна Қалмағанбетова, Бахром Муминов сынды өнер шеберлері әлемнің және еліміздің классикалық туындыларын жанды дауыста орындады.

Б.Момышұлы атындағы «Жеңіс» саябағында өткен өнер кеші классиканың таңғажайып сырлары бар мелодиялардың үндесуімен көрермендердің көңілін толқытты.

Кеш соңы Ескендір Хасанғалиевтің “Атамекен” әнімен қорытындыланып, өнерпаздарға облыс әкімінің “Ықылас гүлі” тарту етілді.