КГКП "Жамбылская областная филармония имени Кенена Азербаева" управления культуры, архивов и документации акимата Жамбылской области

Адрес

г. Тараз, ул. Толе би, 89

Контактный Телефон

+7 (7262) 34-29-59

Время работы

Пнд - Птн: 09.00 - 18.00

Главная / Медиа / Новости / Ән мен күйім - халқыма сыйым

Ән мен күйім - халқыма сыйым

Назарбаев зияткерлік мектебінің АКТ залында оқушылары мен мұғалімдеріне сағат 16.00-де К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясы Қазақ ұлт аспаптар оркестрінің «Ән мен күйім — халқыма сыйым» атты танымдық концерті берілді. Көркемдік жетекшісі әрі дирижері: Мәдениет саласының үздігі Дулат Байзілдаев.

55 жыл тарихы қалыптасқан облыстық филармония концерті ұлттық домбыра аспабының құндылығын дәріптеу мақсатында өтті. Сонымен қатар, шығармалардың шығу тарихы баяндалды.

Бағдарламада: Түркештің «Көңілашар», Н.Тілендиевтің «Ата толғауы», Боранқұл Көшмағанбетовтың «Кең жайлау», Ә.Желдібаевтың «Ерке сылқым», Құрманғазының «Балбырауын», Мұқтар Рахманқұловтың «Шаттық» күйлері, Луйджи Ардитидің «Поцелуй» шығармасы, Н.Тілендиевтің «Махамбет» поэмасы, Шәмші Қалдаяқовтың «Жаңарған Жамбылым», «Ақ маңдайлым», Бауыржан Есебаевтың «Қазақстаным – ұлы Отаным», І.Жахановтың «Бозқараған», Сәдіқожа Мошанұлының «Сары бидай» әндері, орыс халқының «В лунном сиянии» романсы орындалды.

Өнер көрсеткендер: ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Бақыт Шағырбаев, Мәдениет саласының үздіктері Торғын Орынбаева, Жақсылық Тілеубеков, Әсел Уашева, Жанатбек Кәдіров және Назарбаев зияткерлік мектебінің 8 сынып оқушысы Дарын Меркібай облыстық филармонияның Көркемдік жетекшісі Аида Смағұловамен күй шашу жасады. Концертті: Бекет Сейіткері мен әнші, Мәдениет саласының үздігі Жанна Асанқұлова жүргізді.