КГКП "Жамбылская областная филармония имени Кенена Азербаева" управления культуры, архивов и документации акимата Жамбылской области

Адрес

г. Тараз, ул. Толе би, 89

Контактный Телефон

+7 (7262) 34-29-59

Время работы

Пнд - Птн: 09.00 - 18.00

Главная / Медиа / Новости / «Жырла, жүрек» атты поэтикалық кеш өтті

«Жырла, жүрек» атты поэтикалық кеш өтті

26.04.2024 жылы Тараз қаласында «Баласағұн» ОКЗ-да Жамбыл облысының әкімдігінің қолдауымен Қазақстан Жазушылар одағының және ҚР Журналистер одағының мүшесі, ҚР Театр қайраткерлері одағының, Қазақстан Авторлары Қоғамының мүшесі, ҚР Білім беру ісінің және ҚР Мәдениет саласының үздігі, Халықаралық Э.Иманалиев атындағы әдеби сыйлықтың иегері, Талас ауданының Құрметті Азаматы, Жамбыл облысының Жыл патриоты, «Құрмет» орденінің иегері, ақын - сазгер Үміт Қыранқызы Битенованың 60 жас мерейтойына арналған «Жырла, жүрек» атты поэтикалық кеші өтті.

Ұйымдастырушылар: Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы, К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясы.

Кешті көрнекті қаламгер, танымал ақын-драматург Бақыт Беделханұлы жүргізді.

Өнер көрсеткендер: Аманғали Сыпабеков, Әділ мен Дана, Айбек Қайбулла, Оңал Азаматова, Мадина Сағынбекова, Жандос Омаров, Құрмаш Қуанышбаев, Әлібек Малдыбаев, Фариза Мадияр, Рауан Әбілқасов, Азиз Кушаков, Айзат Утепбаева, Қайсар Көкішов, Азамат Алмереков, Берекет Қосбергенов, Бекет Сейіткерім, Әлішер Балтаев, Дулат Жасұзақов, "Ақкербез" және "Айша бибі" би ансамбльдері, А.Тоқпанов атындағы облыстық қазақ драма театрының әртістері.

Автор сахнада «Музаны жоқтау», «Күзгі өлең», «Сағындым сәнін наурыздың», «Хақиқи сөз», «Елім осы» өлеңдерін оқыды.

Кеш иесін Жамбыл облысы әкімі аппаратының басшысы Ілебаев Лесбек Құралбайұлы, Қазақстан Жазушылар Одағы төрағасының орынбасары Қасымхан Бегман, Қазақстан Жазушылар Одағы төрағасының орынбасары, Абай атындағы ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Ғалым Жайлыбай, сонымен қатар, Қазақстанның Еңбек Ері, ҚР Парламентінің Мәжіліс депутаттары Ескендіров Мұқаш Зұлқарнайұлы, Нұрымова Гүлдара Алданышқызы және аудан әкімдіктері құттықтады.

Игі шара соңында облыс әкімінің Ықылас гүлі тарту етілді.