Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының "Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясы" КМҚК

Мекенжай

Тараз қ, Төле би көш, 89

Байланыс Телефоны

+7 (7262) 34-29-59

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған концерт – композиция өтті

Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған концерт – композиция өтті

26 ақпанда «Баласағұн» концерт залында Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған «Желсіз түнде жарық ай» атты концерт – композиция өтті. Қоюшы режиссері Қазақстан Республикасының Мәдениет саласының үздігі - Анар Сағынбекова, көркемдік жетекшісі Қазақстан Республикасының Мәдениет саласының үздігі - Жандос Омаров. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен биыл Абай Құнанбаевтың 175 жылдығы еліміздің түкпір-түкпірінде дүркіреп аталып өтуде.

Кешке жиналған көрермендер алдымен «Баласағұн» ғимаратының фойесінде өткен Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты Ежелгі Тараз мемлекеттік қорық музейінің мерекелік жылжымалы көрмесін тамашалап, ғұлама, ойшыл, ақын, ағартушының өмірі мен шығармашылығы жайында қызықты мәліметтермен танысты. Мерекелік шараны облыс әкімі Бердібек Машбекұлы Сапарбаев ашты. Әрмен қарай «Абай оқулары» байқауында жүлдегер атанған өзге ұлт жастары ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқыды.

Облыстық қазақ драма театрының әртістері Абай шығармаларынан көрініс көрсетсе, Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының әртістері ақынның сөзіне жазылған әндерді орындады. «Ақкербез», «Айша Бибі», «Шолпы» би ансамбльдері биден шашу шашып, сахна көркін аша түсті. Кеш соңы филармония әртістері Мұхамеджан Тазабековтың өлеңіне жазылған Құрмаш Махановтың «Дархан дала» әнімен аяқталып, облыс әкімінің Ықылас гүлі тарту етілді.