Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы

Мекен-жайы

Тараз қ, Төле би көш, 89

Байланыс Телефоны

+7 (7262) 34-29-59

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / «Ән падишасы - Шәмші аға» атты концерттік бағдарламасы өтті

«Ән падишасы - Шәмші аға» атты концерттік бағдарламасы өтті

Биыл ұлы композитор, «Қазақ вальсінің королі», Қазақстан Республикасы Гимнің авторы, Қазақстанның халық әртісі Шәмші Қалдаяқовтың туғанына - 90 жыл. Осыған орай, бүгін 18.00-де «Баласағұн» ОКЗ-да Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Ән падишасы - Шәмші аға» атты концерттік бағдарламасы ұсынды.

Концертте Ш.Қалдаяқов туралы бейне роликтер көрсетіледі. Сонымен қатар, Қазақ ұлт аспаптар оркестрі, «Ақкербез» би ансамблі, «Айша Бибі» фольклорлық-этнографиялық би ансамблі, ҚР Мәдениет қайраткерлері, Мәдениет саласының үздіктері, филармонияның эстрада және дәстүрлі әншілері өнер көрсетті.

Концерт Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 17.09.2020 жылғы №35 қаулысындағы талаптарды сақтай отырып өтті. Әртістер мен көрермендер температурасын тепловизормен бақылау да жүзеге асты.