Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының "Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясы" КМҚК

Мекенжай

Тараз қ, Төле би көш, 89

Байланыс Телефоны

+7 (7262) 34-29-59

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / "Балауса" балаларды қуантты

"Балауса" балаларды қуантты

3.02.2021 ж. Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының «Балауса» циркі Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында «Тәуелсіздік таңдары» атты балаларға арналған жаңа қойылымын ұсынды. Көркемдік жетекшісі халықаралық конкурстардың лауреаты Талғат Альчикенов.

Концертте «Жұпты акробаттар», «Жонглер», «Сайқымазақтар ойыны», «Жылан биі» т.б. көрсетілсе, «Ақкербез» және «Айша Бибі» би ансамбльдері биден шашу шашты.

«Балауса» циркі Жамбыл облыстық филармониясына 2012 жылдың қаңтар айында «Алатау» ән-би жастар ансамблінен ауысты. Қазіргі таңда К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясында өзіндік орны бар шығармашылық ұжым.