Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы

Мекен-жайы

Тараз қ, Төле би көш, 89

Байланыс Телефоны

+7 (7262) 34-29-59

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / «Наурыз – Думан» мерекелік концерті өтті

«Наурыз – Думан» мерекелік концерті өтті

2021 жылдың 21 наурызында облыс әкімдігінің қолдауымен Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың «Тәуелсіздік – бәрінен қымбат» мақаласында айтылған Наурыз мейрамын атап өту тұжырымдамасына сәйкес, «Наурыз – думан» атты мерекелік іс-шарасын ұйымдастырды.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Дәстүр мен ғұрып» жобасы аясында аталмыш іс-шара «Баласағұн» орталық концерт залының ауласында өтті. Басқармаға қарасты Облыстық халық шығармашылығы орталығының атсалысуымен аула іші безендіріліп, қонақтарға мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Іс-шара басталғанға дейін радио концерт беріліп, киіз үй тігілді. Сондай-ақ, киіз үйде Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінің қорындағы жәдігерлер мен қолөнер бұйымдарынан көрме қойылды. Іс-шара К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясы мен А.Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрының мерекелік концерттік бағдарламасымен жалғасын тапты. Көктем мен жаңаруды айшықтайтын мерейі тасыған ұлы мерекеде қазақ ұлт аспаптар оркестрі, «Ақкербез», «Айша бибі» би ансамбльдері, «Кәусар» вокалдық ансамблі, «Тараз» триосы және т.б филармонияның әртістері әннен шашу шашты.

Қоғамды біріктіру, қазақ халқының ұлттық бірегейлігі мен мәдени ерекшелігін сақтау және насихаттау үшін жағдайлар жасау мақсатында ұйымдастырылған «Наурыз – думан» мерекелік концертіне БАҚ өкілдері мен зиялы қауым өкілдері шақырылды.

Айта кетейік, наурыз мерекесіне орай арнайы ұйымдастырылған аталмыш іс-шара 2021 жылғы әлемдегі және Қазақстандағы короновирустық инфекцияның эпидемиологиялық мәселелерін ескеріп және шектеу шараларын сақтай отырып, атап өтілді.

Халық арасында жаппай инфекциялық аурулардың және тамақтан уланудың пайда болуы мен таралуына жол бермеу мақсатында мерекелік іс-шараларды өткізу кезінде:

- санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау (іс-шараны ұйымдастырушылар мен қатысушылар тамақ өнімдерін дайындамауы және сатпауы керек);

- халықтың жаппай шоғырлануын болдырмау;

- іс-шараларды (экскурсиялар, ағаш егу және т. б.) өткізу кезінде әлеуметтік қашықтықты, маска кию режимін сақтау; киіз үйлерді орнату кезінде, олардың ішінде адамдардың көп жиналуына және тамақ өнімдерін пайдалануға жол бермеу;

- адамдардың тікелей байланысын (күрес, аударыспақ және т. б.) көздейтін іс-шараларды өткізбеу сынды ережелер қатаң сақталды.