Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының "Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясы" КМҚК

Мекенжай

Тараз қ, Төле би көш, 89

Байланыс Телефоны

+7 (7262) 34-29-59

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / «Абайдан аманат» атты онлайн моно-концерт ұйымдастырылды

«Абайдан аманат» атты онлайн моно-концерт ұйымдастырылды

10 тамызда «Баласағұн» ОКЗ-да сағат 16.00-де Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласын ілгерілету, ғұлама, ойшыл, ақын, ағартушы, ұлттың жаңа әдебиетінің негізін қалаушы, аудармашы, композитор Абай Құнанбайұлы күнін атап өту, шығармашылығын кеңінен насихаттап, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу, жастарды ұлтжандылыққа тәрбиелеу мақсатында «Абайдан аманат» атты онлайн моно-концерт өнер ұжымының facebook желісі арқылы тікелей эфирде ұйымдастырылды.

Бағдарламада «Торжорға» күйі, «Көзімнің қарасы», «Айттым сәлем, Қаламқас», А.Жұбанов, Л.Хамеди Абай операсынан «Ажардың ариясы», «Желсіз түнде жарық ай», «Сегіз аяқ», «Қараңғы түнде ату қалғып», «Е.Онегиннің Татьянаға жазған хаты», «Өлсем орным қара жер сыз болмай ма?» әндері мен жырлары орындалды. Іс-шарада 300 қаралым болды. Концерт аясында «Абайдан аманат» атты челлендж өнер сүйер қауымға жолданды. «Жамбыл», «Тараз-24» және «7 7» телеарналары мен «Арай газеті» арқылы іс-шара насихатталып, өнер ұжымының facebook, instagram, zhofil.kz ресми ақпараттық сайтында афишалары мен фотоақпараты таратылды.

Концертте барынша санитарлық-эпидемиологиялық талаптар қатаң сақталды.