Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы

Мекен-жайы

Тараз қ, Төле би көш, 89

Байланыс Телефоны

+7 (7262) 34-29-59

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / «Атыңнан айналайын Әулиеата» атты концерттік бағдарламасы өтті

«Атыңнан айналайын Әулиеата» атты концерттік бағдарламасы өтті

24 қыркүйекте «Баласағұн» ОКЗ-да «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында, жамбылдық композиторлардың шығармашылығын насихатату мақсатында, К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының «Атыңнан айналайын Әулиеата» атты концерттік бағдарламасы өтті.

Концертте қазақ ұлт аспаптар оркестрінің көркемдік жетекшісі әрі дирижері, халықаралық конкурстардың лауреаты Дулат Байзіладевтың басшылығымен оркестр өнер көрсетті. Сонымен қатар, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Асылхан Шүңіреков бастаған «Тараз» триосы, ҚР Мәдениет саласының үздіктері Оңал Азаматова, Торғын Орынбаева, Жанатбек Кәдіров, Сұлужан Әбенова, Марғұлан Әлсейітов, Дулат Жасұзақов, оркестр әртістері Дидар Басықараев, Ерболат Тауасаров, Рауан Әбілқасов және «Ақкербез» би ансамблі сахнаның сәнін келтірді.

Іс-шара аясында дәстүрлі әншілерге «Домбырашылар одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігіне мүше болғандары үшін ресми түрде куәлік пен сертификат тапсырылды.

Іс-шараның ақпараттық демеушісі болған «LAMBYL» телеарнасы алдағы уақытта облыстық телеарнадан концерттің толық нұсқасын беретін болады. Ән мен күй кеші өнер ұжымының facebook әлеуметтік желісі арқылы тікелей эфирде көрсетілді. Сондай-ақ, zhofil.kz ресми ақпараттық сайты мен instagram парақшасында ақпараттық фотолары насихатталды.

Көрермендер концерт залына короновирустық инфекцияның эпидемиологиялық мәселелерін ескеріп, «Ashyq» қосымшасы арқылы кіруге рұқсат алды.