Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының "Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясы" КМҚК

Мекенжай

Тараз қ, Төле би көш, 89

Байланыс Телефоны

+7 (7262) 34-29-59

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / «Ән падишасы - Шәмші аға» атты концерттік бағдарламасы өтті

«Ән падишасы - Шәмші аға» атты концерттік бағдарламасы өтті

29 қыркүйекте "Баласағұн" ОКЗ-да «Қазақ вальсінің королі», Қазақстан Республикасы Гимннің авторы, Қазақстанның шығармашылығына арналған «Ән падишасы - Шәмші аға» атты концерттік бағдарламасы өтті.

Концертте Ш.Қалдаяқов туралы бейне роликтер, композитор туралы айтылған ой-пікірлер лэд экраннан көрсетілді. Сонымен қатар, филармонияның эстрада және дәстүрлі әншілері өнер көрсетіп, «Бәрінен де сен сұлу», «Өмір өзен», «Бақыт құшағында», «Жүрек сыры», «Сүймегендер сағынбайды», «Ақ келес-Арайлым», «Ана туралы жыр», «Арқалықтың ақ таңы», «Қуаныш вальсі», «Ақ маңдайлым», «Қара көз», «Мойынқұмда», «Сыған серенадасы», «Дүнген қызы», «Ақ ерке ақ жайық», «Теріскей», «Құшақ жайған қандай адам», «Тамды аруы», «Жаңарған Жамбылым» тб әндері орындалды. «Ақкербез» би ансамблі, «Айша Бибі» фольклорлық-этнографиялық би ансамблі әсем әндерді бимен өрнектеді. Ән кеші ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимніне айналған туындысымен мәресіне жетті. Шәмші әндері шарықтай берсін!