Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының "Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясы" КМҚК

Мекенжай

Тараз қ, Төле би көш, 89

Байланыс Телефоны

+7 (7262) 34-29-59

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / «Кездер-ай» атты ретро концерт өтті

«Кездер-ай» атты ретро концерт өтті

Жаураған жүректерді жылытатын, құлазыған көңілдерді жұбататын «Кездер-ай» атты ретро концерт 28 қазанда сағат 18.00-де «Баласағұн» ОКЗ-да К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының ұйымдастыруымен өтті.

Концерттің мақсаты: Қазақ музыка өнері мен поэзия мұрағатын байытқан И.Жақановтың 85 жылдығы, М.Мақатаевтың 90 жылдығы, Ә.Еспаевтың 96 жылдығы, Л.Хамедидің 115 жылдығы, А.Жұбановтың 115 жылдығы, Д.Нұрпейісованың 160 жылдығы, Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында біртуар композиорлар мен ақындардың шығармашылығын насихатату, облыстық филармонияның шығармашылығын паш етті.