Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы

Мекен-жайы

Тараз қ, Төле би көш, 89

Байланыс Телефоны

+7 (7262) 34-29-59

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / Түркістанда думанды концерт мәресіне жетті!

Түркістанда думанды концерт мәресіне жетті!

Түркістан - Түркі жұртының алтын бесігі!

Көне Тараз - талай текті ат тұяғын серпіген, толғаулы тарихтың куәсі!

Екі шаһарда еліміздің ең құнды шежірелі мекені!

2021 жылдың 13 қарашасы күні Түркістан қаласының Конгресс Холл залында К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының «Тараздан Түркістанға шашу!» атты мерекелік концерті ел тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен халық поэзиясының ұлы тұлғасы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойы аясында өтті.

Бағдарламада: өңірден шыққан өнер шеберлері: Қазақстанның және Қырғызстанның халық артисті, ҚР мемлекеттік сыйлығының лауреаты Алтынбек Қоразбаев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Бағдат Самедимнова, Әлішер Каримов, «МузАрт Life» дуэті және филармонияның Қазақ ұлт аспаптар оркестрі, «Ақкербез» және «Айша Бибі» би ансамбльдері, «FirДауыс» квартеті, «Тараз-тарту» квартеті және дәстүрлі-эстрада әншілері өнер көрсетті.

Іс-шара К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармонияның facebook әлеуметтік желісі арқылы тікелей эфирден көрсетілді.

Осымен Түркістан сапары тәмам, ел- жұртымыз аман, бейбітшілік заман болғай!