Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының "Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясы" КМҚК

Мекенжай

Тараз қ, Төле би көш, 89

Байланыс Телефоны

+7 (7262) 34-29-59

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / «Жамбылым – ән-бесігім» атты концерттік бағдарлама өтті

«Жамбылым – ән-бесігім» атты концерттік бағдарлама өтті

30 қараша күні «Баласағұн» ОКЗ-да бабаның қасиеті мен дананың өсиетін бойына жинаған, әні мен күйін қазына тұтқан өнер сүйер қауымға Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясы «Алатау» фольклорлық ансамблінің «Жамбылым – ән-бесігім» атты концерттік бағдарлама Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен жыр алыбы Ж.Жабаевтың 175 жылдығына орай өтті.

Бағдарламада: Тараз қаласында 2019, 2021 жылдары өткен «Көне Тараз күмбірі» Республикалық фольклорлық ансамбльдер конкурсына ұсынылған Тараз және Жамбыл өңірін суреттейтін жаңа күйлер мен әндер, сонымен қатар қазақ композиторларының әндері мен халық әндері орындалды. Бұл бағдарламамен облыстық филармонияның фольклорлық ансамблі 2022 жылы облыс аудандары мен өңірлеріне өнер сапарымен шығуды жоспарлап отыр. Әсем әндеріміз бен күйлеріміз шарықтай берсін!