Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының "Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясы" КМҚК

Мекенжай

Тараз қ, Төле би көш, 89

Байланыс Телефоны

+7 (7262) 34-29-59

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / «Әлқисса - Нұрғиса» атты концерті өтті

«Әлқисса - Нұрғиса» атты концерті өтті

2022 жылғы 08 сәуірде «Баласағұн» ОКЗ-да К. Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясы «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Ұлы даланың ұлы есімдері» арнайы жобасы аясында Қазақ оркестрінің «ӘЛҚИССА - НҰРҒИСА» атты концерті өтті.

Өнер көрсеткендер: Қазақ оркестрінің дирижері әрі көркемдік жетекшісі Дулат Байзілдаев, «Тараз» триосы, «Кәусар» вокалдық ансамблі, «Ақкербез» би ансамблі, Оңал Азаматова, Жанатбек Кәдіров, Жанна Асанқұлова, Дидар Басықараев, Ақтөре Орынбасарұлы, Рауан Жексенбі, Нұрберген Қырғызбаев, Индира Хамзина, Айнұр Атаниязова, Жанар Өстемірова, Гүлнұр Қасымбек және Жамбыл ауданы білім бөлімінің «Мұқан Төлебаев атындағы БӨМ-нің» оқушысы Бағдәулет Жанатбек.

Кеште шын дарын иесі Нұрғиса Тілендиевтің «Ата толғауы», «Көш керуен», «Атадан мұра», «Аңсау», «Көңілді бикеш», «Баламишка», «Әлқисса», «Аққу», «Ақсақ құлан», «Қабан жырау», «Махамбет» поэмасы күйлері мен «Куә бол», «Алатау», «Саржайлау», «Құстар қайтып барады», «Жүрегім менің», «Келе жатыр құс қайтып...», «Қараша қаз», «Өз елім» әндері орындалды.

Сонымен қатар, Қазақстанның Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты және «Парасат», «Құрмет» ордендерінің иегері Нұрғали Нүсіпжановтың 85 жасы мен өнер сахнасында жүргеніне 65 жылдық қос мерейтойы аясында әншінің орындап жүрген Н.Тілендиевтің шығармашылығындағы әндер шырқалды.

Сазды кешті тамашалаған қала тұрғындары мен қонақтары филармония әртістеріне қошамет танытып, әуезді әндер мен күмбірлеген күйлердің авторы Н.Тілендиевтің өнеріне тағзым етті.