Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының "Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясы" КМҚК

Мекенжай

Тараз қ, Төле би көш, 89

Байланыс Телефоны

+7 (7262) 34-29-59

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / 1 мамыр – Бірліктің ерекше мерекесі

1 мамыр – Бірліктің ерекше мерекесі

2022 жылдың 1 мамыры күні «Жастар» аллеясында Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясы мен қала өнерпаздарының, этно бірлестіктердің өкілдерінің қатысуымен «1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне» орай «Бірлігі жарасқан – жаңарған Қазақстан» атты мерекелік концерті өтті.

Әуені әсем әншілер мен мың бұралған бишілер, дарабоз күйшілер бірлік пен ынтымақты ту етіп, Таразды шаттыққа бөледі. Концерттік іс-шара Шөлдала елді-мекенінің №5 орта мектебінің ауласында жалғасын тапты.