Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының "Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясы" КМҚК

Мекенжай

Тараз қ, Төле би көш, 89

Байланыс Телефоны

+7 (7262) 34-29-59

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / «Ғұмыр-дария» атты ән мен жыр кеші өтті

«Ғұмыр-дария» атты ән мен жыр кеші өтті

Мұхтар Шаханов - Біріккен Ұлттар Ұйымының алтын кітабына жазылған, Нобельдің алтын медалінің, Америкадағы Калифорния индустрия ғылым академиясының, Альберт Эйнштейн алтын медалінің, Мұсылман әлемінің ең жоғарғы сыйлығын алған, әлемнің 60-қа жуық мемлекеттерінен 120-дан астам сыйлықтың иесі, 22 мемлекеттің ғылым докторы, профессоры, академигі.

3 қыркүйекте Жамбыл облысы әкімдігінің қолдауымен, облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен «Баласағұн» ОКЗ-да Қазақстанның Еңбек Ері, халық жазушысы және Қырғызстанның халық ақыны Мұхтар Шахановтың қатысуымен 80 жас мерейтойына арналған «Ғұмыр-дария» атты ән мен жыр кеші өтті.

Іс-шара Мұхтар Шаханов туралы замандастар пікірлері текстік бейнеконтентпен басталып, А.Тоқпанов атындағы облыстық қазақ драма театрының әртістерінің «Танакөз» поэмасы желісіне қойған композицясымен ашылды. Мерейлі мерекеде «Туған күн кешінде», «Жұбайлар жыры», «Махаббат елі», «Өмір-өзен», «Арқалықтың ақ таңы», «Мен саған ғашық едім», «Әке туралы жыр», «Айналайын», «Баба Түркістан», «Бала махаббаты» тақырыптарындағы әндерді К.Әзірбаев атындағы облыстық филармонияның әншілері би қойылымдармен нақышына келтіріп шырқаса, өлеңдері мен жырларын «Ұстаз» университетінің түлектері орындады.

Кеш соңында дарабоз ақынымыз жамбылдықтарға ақ батасын беріп, жыр-шашуын жолдады.

Мерейтой иесіне облыс әкімі Нұржігітов Нұржан Молдиярұлы құттықтауын арнап, сый-құрметін көрсетті.

Көрермендер үшін ғимарат алаңында «Алатау» фольклорлық ансамблінің орындауында М.Шаханов әндерінен радио-концерт беріліп, шығармашылығына арналған Ш.Уалиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының көрмесі қойылды.