Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының "Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясы" КМҚК

Мекенжай

Тараз қ, Төле би көш, 89

Байланыс Телефоны

+7 (7262) 34-29-59

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / «Тифло экскурсия» жобасы өтті

«Тифло экскурсия» жобасы өтті

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы көру мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қоғамнан тыс қалдырмау, облысымыздың мәдени орындарына экскурсия жасау, мәдени ғимараттардың ішкі тыныс-тіршілігімен таныстыру мақсатында «Тифло экскурсия» жобасы К. Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясында жалғасын тапты.

Экскурсия барысында оқырмандар мекеменің және ғимараттың тарихымен терең танысты. Нәтижесінде көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтардың қол ұшымен сезіну бойынша қатты көңілдерінен шыққаны цирк залы болды. Жетекшісі Талғат Алчикенов оқырмандарға питон жыланы, сонымен қатар көгершіндермен қысқаша өнер көрсетті. Мекеменің орынбасары Жандос Омаровта аталған жобаға қолдауын білдіріп, өз үлесін қосты. Зағип жандар филормония ұжымы мен кітапхана ұжымына ерекше алғысын білдіріп, экскурсиядан алған әсерлерімен бөлісті.