Абай Құнанбайұлының күні құтты болсын!
Құрметті қауым!
Түркі әлемінің ортақ мақтанышы, қазақтың ұлы тұлғасы — Абай Құнанбайұлының күні құтты болсын!
Абай Құнанбайұлы ғұлама ғалым, ойшыл ақын, ағартушы ұстаз ретінде ұлтымыздың тұғыры биік мақтанышы.
Абай – дала философы. Абай шығармашылығы әлемдік туындылар қатарында орын алған халқымыздың баға жетпес мұрасы мен рухани азығы. Абай – қазақтың ұлы Абайы, жер жаһанның алыбы. Жас толқын үшін Абайдың өсиеттері мен өнері асыл қазына. К. Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының репертуарында Абай атамыздың шығармашылығы кеңінен насихаттала бермек.

10 Тамыз 2022
660
26 Сәуір 2019